«Сиқырлы бояулар» сурет үйірмесінің қатысушылары осы аптадағы сабақта жарық пен көлеңке тақырыбында сурет салды.
Сабақтың негізгі мақсаты — жарықтың геометриялық фигураларға қалай әсер ететінін көрсету. Балаларға шар мен конус үлгі ретінде беріліп, осы фигуралардың үстіне түсетін жарық пен көлеңкені дұрыс бейнелеуге назар аударылды.