16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай кітапханада Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінің оқушыларымен «Тәуелсіздік – орындалған арман» атты тарихи калейдоскоп ұйымдастырылды. Шара еліміздің әнұранымен басталып, бейнеролик көрсетіліп тарихқа шолу жасалды. Қатысушылар «тәуелсіздік» ұғымын ашу мақсатындағы сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салды. «Таным», «Суреттер не дейді?», «Ой жүйрік», «Ой толғау» тапсырмаларын топпен орындады.
Сонымен қатар, қатысушылар Тәуелсіздік тақырыбына арналған әндерді шырқады, өлеңдер оқыды. Іс-шара оқушылардың бойында патриоттық сезімдерді қалыптастыруда және еліміз үшін Тәуелсіздіктің мәнін терең түсінуде маңызды қадам болмақ.