Балалар ағылшын тілінде әртүрлі тапсырмаларды орындады: ертегінің атауын мұз бөлшектерінен құрастырды, ертегі бойынша сұрақтарға жауап берді, ал оларды Сантаның шұлығынан тапты, сондай-ақ ойын барысында қатысушылардың бірі Қар ханшайымы рөлінде ағылшын тіліндегі сөздерді жасырып, қалғандары олардың дұрыс аудармасын табуға тырысты. Ертегі кейіпкерлерінің әртүрлі эмоцияларын (ашу, қуаныш, қайғы) білдіру үшін балалар қар жапырақтарын алып, ертегіден үзінді оқи отыра сол сезімдерді көрсетті. Соңында, балалар Гердаға Кайды құтқаруға көмектесетін ғажайып артефактіні ойлап тауып, оны суреттеу ұсынылды.