Бүгін кітапханада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан – балалардың көзімен» атты тағылымды іс-шара өтті. Шараға дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 8-сынып оқушылары қатысты. Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен ашылды.
Уақыт лентасы сақ дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейінгі ел тарихының негізгі кезеңдерін қамтыды. Кездесу барысында еліміздің өткен жолын, тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуындағы маңызды белестерді бейнелейтін бейнематериал көрсетілді. «Өткеннен бүгінге дейін» бөлімінде оқушылар топпен жұмыс жасап, тарихи оқиғаларды хронологиялық ретпен орналастырып, Қазақстан тарихынан мол білімдерін көрсетті.
Сонымен қатар «Finger Chooser» қосымшасы арқылы оқушылар тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін толықтырып, сыныптастарымен ой бөлісті.
Кездесу соңында әр топ таратпа материалдарды пайдалана отырып, Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның жетістіктері мен жарқын оқиғаларын бейнелейтін мазмұнды әрі көркем постерлер дайындады.



