«Ата-салтым – асыл қазынам» танымдық сағаты

«Ата-салтым – асыл қазынам» танымдық сағаты

«Ата-салтым – асыл қазынам» танымдық сағатында шара спикері Шарипова Катиза Байбазарқызы – Қазақ ССР оқу ісінің үздігі, әдіскер мұғалім, Күршім облысының құрметті азаматы балаларға өнегелі, тәлім-тәрбиесі мол ой түйетін әңгімелерін ұсынды.
Шара барысында сүйінші, құдайы қонақ, құдайы тамақ, құдайы мал, құдайы асқа бата беру, құдайы жол садақа беру, қымызмұрындық сияқты ұлттық салт-дәстүр түрлері ойын арқылы таныстырылды.
Кештің көркін қыздырған «Тұмар» тобы қазақ халық әндерін орындап, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Аталмыш шараға орай ұйымдастырылған кітап көрмесі ұлттық құндылықтарымыз туралы мол ақпараттар берді.
Балалар ұстаздың айтқан өнегелі әңгімелерінен рухани азық алғанына сенімдіміз.
Share