«Шығыс-ғажайыптар өлкесі» иммерсивті серуен

«Шығыс-ғажайыптар өлкесі» иммерсивті серуен

4 сәуір күні кітапханамыздың жастары №49 жалпы білім беретін мектебінде, мерейтой иелері Ілияс Есемберлин мен Мұхтар Мағауинның өмірі мен шығармаларын таныстырып көптеген мәліметтермен бөлісті. Үздік жазушылардың туындылары 8-ші сынып оқушыларына таныстырылып,түйген білімді толық қабылдау үшін викториналық сұрақтар қойылды.
Артынан «Шығыс-ғажайыптар өлкесі» атты иммерсивті серуенге саяхаттадық. Қызықты да әсерлі табиғат аясында жүргендей сезім сезінген оқушылар таңданысымен бөлісіп ,қуанып қалды.Жел соғуы, жаңбыр жаууы,шөпте жүру,от жағу бұнын барлығы иммерсивті серуеннің бөлігі. Оқушылар осы табиғат құбылыстарын арнайы заманауи құлақаппен сезініп,әрі бірнеше құралдармен тау бөктеріне,қорқынышты өлкеге саяхаттап қайтты.
Share