25 қаңтар — Дүниежүзілік студенттер күні (Татьяна күні) Студенттер, барлығы бірігіп Татьяна күнін атап өтеді. Осы күні XVIII ғасырда студенттердің қамқоршысы болған Татьяна Римская дүниеге келді. Бүгін Татьяна есімділердің барлығын осы мерекемен құттықтау қажет.
Мұнымен қатар, бүгін орта және жоғары білім ордаларында оқып жатқан студенттердің кәсіби мерекесі. Бұл күн күзгі семестр мен сессиялардың аяқталып, қысқы демалыстардың басталатын уақытына орайластырылған. Әдетте бұл мерекеде студенттерге шәкіртақылар тағайындалып, мақтау қағаздары беріледі. Көптеген студент қандай қызметке орналасқанына қарамастан, бұл күнді ерекше жылылықпен еске алады.