25-қыркүйек кітапханамызда облысқа танымал ақын, Шығыстың серісі атанған Абаш Кәкеновтың шығармашылығына арналған кеш өтті

25-қыркүйек кітапханамызда облысқа танымал ақын, Шығыстың серісі атанған Абаш Кәкеновтың шығармашылығына арналған кеш өтті

25-қыркүйек кітапханамызда облысқа танымал ақын, Шығыстың серісі атанғантың шығармашылығына арналған кеш өтті. Шараға қаламыздағы зиялы қауым, ақындар, ақындық өнеріне қызыққан студенттер қатысты. Кеш шымылдығын ақын Еркін Қуаныш айтыс ақтаңгеріне арналған әсерлі арнауымен ашты. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы, термеші Абаш Кәкенов жиналған жұртшылыққа өзінің сахнадағы 50 жылдық ғұмырын қорытындылап, айтыс алаңындағы қызықтарымен бөлісті. Сонымен қатар кітапхана директорының орынбасары Гүлжан Казимова Абаш Кәкеновтің шығармашылығы жайлы өз пікірін білдіріп, құрметпен иығына шапан жапты. Кеш соңында айтыс ақтаңгері жиналған қауыммен бірге домбырамен ән шырқады.
Share