Қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі, ақын, жазушы, КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Жұбан Молдағалиевтің 105 жылдығына арналған «Жүрегі жырдан жаралған» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 7 сынып оқушылары көрмеден ақынның негізгі шығармаларымен («Мен – қазақпын», «Жесір тағдыры», «Қыран дала», т.б балаларға арналған өлеңдер жинағы) таныстырылды. Іс-шара барысында оқушылар Жұбан Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы жайлы тереңірек мәлімет алып, ақын жырларынан рухани нәр алды. Сондай-ақ ақын жырларынан үзінділерді мәнерлеп оқып, «Өлеңді жалғастыр», «Шығарманы тап» викторинасы, «Эмоциямен оқы» ойындар мен тапсырмаларға қатысып белсенділік танытты. Ұйымдастырылған ойындар мен тапсырмалар балалардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырды.
