Кітапханада “Чудо детки” балаларды дамыту студиясының кезекті шарасы дәстүрлі жылы сәлемдесумен басталды. Балалар қарапайым ми мен денені қатар іске қосатын нейрожаттығуларды орындауға кірісті. “Макаронды теру”, “Суреттер”, “Сана да, соқ!” сияқты тапсырмалар балалардың зейінін шоғырландыруға, моторикасын дамытуға және эмоционалдық күйін тұрақтандыруға, саусақтардың икемділігі мен қозғалыс дәлдігін арттыруға ықпал етеді.
Жұмыс барысында ерекше балалардың жеке дамуына кешенді түрде әсер ететін, қарапайым әрі тиімді әдіс түрлері ұсынылады.