«Кітапхана + театр» жобасы аясында кітапхана ұжымы сахна мен кітап сиқыры тоғысқан әсерлі күн өткізді. Театр төрінде қойылған «Құмырсқалар, аралар – қиыспас дос, құдалар» атты көңілді қойылым көрермендердің көңілінен шықты. Кітапханашылар арнайы дайындаған ертегілер мен шытырман оқиғаларға арналған көрме көрермендерді кітап әлемінің ғажайып иірімдеріне жетеледі. Балалар құмырсқалар мен аралар туралы қызықты ертегілермен танысып, сахнадағы кейіпкерлермен бірге қиял әлеміне саяхат жасады. Шара соңында күлкі мен шаттыққа толы естеліктер сақталып, балалар сүйікті кейіпкерлерімен суретке түсіп, тамаша әсермен тарқасты.








