5518 әскери бөлімінде әскери қызметкерлерді демобилизациялауға арналған «Сәт сапар, жас сарбаз!» мерекелік кеш

5518 әскери бөлімінде әскери қызметкерлерді демобилизациялауға арналған «Сәт сапар, жас сарбаз!» мерекелік кеш

Кітапханамызбен ежелден серіктестік орнатқан 5518 әскери бөлімінде әскери қызметкерлерді демобилизациялауға арналған «Сәт сапар, жас сарбаз!» атты мерекелік кеш өтті. Шараға сарбаздармен мәдени-ағарту жұмыстарына белсене қатысқан кітапханашылар шақырылды.
Мерекелік кеш бөлімшенің офицерлері, әскери қызметшілері, сондай-ақ шақырылған өнер қайраткерлері және мәртебелі қонақтармен ашылды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, самбодан КСРО спорт шебері, профессор, Өскемен қаласы мен Зайсан аудандарының Құрметті азаматы Жанаділ Атаев құттықтау сөз сөйледі. Ол жас жауынгерлерге ақ жол тілеп, батасын берді.
Шығармашылық бағдарламаны кітапхана қызметкері Назым Маратқызы ашып, сарбаздарға жүрекжарды әндер мен жылы лебіздерін сыйлады. Сондай-ақ концертте «Сағыныш саздары» композициясымен «Шығыс саздары» ансамблі, Күршім аудандық мәдениет үйінің әншісі О.Қуанышбек «Отан» патриоттық әнімен, О.Қуанышбек пен Б.Гүлжанаттың «Жанай керім» композициясымен дуэті өнер көрсетті. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Бақытбек Масалиев пен халықаралық байқаулардың лауреаты М.Нұрпейісова «Күтумен жүрмін бір хабар» әнін орындады.
Шара соңында Отан алдындағы борышты абыроймен атқарған сарбаздар үшін Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін Еркін Мұратқанұлы шырқап, оларға үйлеріне аман-есен жетіп, болашақ бағыттарынан айнымай, бір-бір маман иелері болуын тілеп, ақ батасын берді.

Share