«Өнерлі елім – Зайсаным»

«Өнерлі елім – Зайсаным»

Режиссер, инспектор, атағы бар,

Заманында беделді қатары бар.

Зайсанда туып, шығыстың нәрін татқан,

Өлкемізде  Камалиевтей атамыз бар

 

Шығыстың Көкенайы сексен бесте

Сын болар әншімізді ескермесе

Бойына бар талантты жиып алған,

Өлкенің азаматы текті емес пе.

 

Қолынан келмес, елдің өнері бар

Дарынды, әнші туған өлеңі бар.

Қазақтың даңқын айға аспандатар,

Көп болсын ағамыздай нар тұлғалар!

 

Қасиетті де киелі, шежірелі Зайсаннан қанат қаққан өнер адамдарының бірі – тамаша әнші, режиссер, жерлесіміз, Қазақ радиосының ардагері, Зайсан ауданының құрметті азаматы, «Өнерлі елім – Зайсаным» кітабының авторы Көкенай Камалиев биыл 85 жасқа толады.

Көкенай Камалиев Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры жанынан тұңғыш ашылған студияны бітірген. Ришат, Мүсілім Абдуллиндер, Қанабек Байсейітов, Құрманбек Жандарбеков сынды   өнер майталмандарымен бірге жүріп, спектакльдерде ойнап, ән салған.

Республикалық Қазақ радиосында саяси хабарлар бас редакциясы мен «Алтын қор» редакциясында хабарларды музыкамен көркемдеуші және дыбыс режиссеры қызметін атқарған.

Бүгінгі таңда еліміздің әсем қаласы Алматыда тұрады. Біз кітапхана ұжымы, өз тарапымыздан жерлесіміз Көкенай Камалиевті биылғы мерейтойымен құттықтай отырып, деніне саулық, шығармашылық табыстар тілейміз! Сегіз қырлы-бір сырлы, біртуар тұлғаларымыз аман болсын! Біз әрқашан осындай азаматтарымызбен мақтанамыз!

Share