Тіл үйірмесінің келесі сабағы ең дәмді және пайдалы «жемістер» тақырыбына арналды. Біздің ең жас ағылшын тілін сүйіп оқитын оқырмандарымыз жемістердің ағылшын атауларымен танысты. Содан кейін дүкенге барып, сатушылар мен сатып алушылар рөлінде өздерін сынап көрді де ағылшын тілінде шағын көрініс жасай алды. Олар бақшаға барып, компотқа керекті жеміс жинады. Онда көздерін буркеп жеміс түрін анықтайтын ойын ойнап, жұмбақтар байқауына қатысты.