Шағыр Қайырбек Семейғазыұлы

Шағыр Қайырбек Семейғазыұлы(1972) – ақын, журналист.

1972 жылы 16 желтоқсанда бұрынғы Семей облысы Абыралы ауданында дүниеге келген.  1990 жылы «Ақбұлақ» орта мектебін оқып бітірген. 1990-1992 жылдары әскер қатарында қызмет етіп оралған соң, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетіне түсіп, сырттай оқып бітірген. Оқи жүріп, Абыралы аудандық «Жаңғырған Абыралы» газетінің әдеби қызметкері, аға тілшісі болып журналистік еңбек жолын бастаған. 1996 жылы Алматыдағы республикалық ғылыми-педагогикалық «Қазақстан мектебі» журналына тілші болып қабылданып, әр жылдары бөлім редакторы, жауапты хатшы міндеттерін атқарған. 2002 жылы жаңадан ашылған «Тәрбие құралы» журналының бас редакторлығына тағайындалып, 2011 жылға дейін осы қызметті атқарған. Қазіргі уақытта «Жас спортшы» журналының бөлім редакторы. ҚР Журналистер одағының мүшесі.

Педагогикалық баспасөзде еңбек ете жүріп, «ҚР білім беру ісінің үздігі» белгісімен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Мәдениет Министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Аудармашы ретінде танымдық кітаптарды, шетел поэзиясын қазақ тіліне аударды. Ж.Нәжімеденов атындағы республикалық жыр мүшәйрасында І орынды (2006 ж.), халықаралық «Дарабоз-2015» байқауында І орынды иеленді (2015 ж). Басқа да көптеген республикалық жыр жарыстарының жүлдегері атанды.

Әйгілі әнші Әміре Қашаубаев туралы «Ұлы тенор» поэмасын жазды. «Тартылыс» (2006), балаларға арналған «Жол ережесі» (2010), «Домбыраға шаң қонбаса…» (2012)  поэзиялық жинақтарының, «Жақсыменен отырған жарты сағат» (2012) атты мақалалар жинағының авторы. 2015 жылы Халықаралық «Дарабоз» байқауында 1-орынды иеленген Қазақ хандығының 550 жылдығына орай балалар мен жасөспірімдерге арнап жазылған «Сиқырлы кітап немесе тарихқа саяхат»  деп аталатын поэмасы «Қалам мен қамшы» (2022) жинағына енген.  

 

Қ. Шағырдың шығармалары

Кітаптар

Шағыр, Қ. Жол ережесі : балаларға арналған өлеңдер / Қ. Шағыр. – Алматы : Таймас, 2011. – 12 б.

Шағыр, Қ. Арша аңқыған жаз : өлеңдер, балладалар, поэма және аудармалар /Қ. Шағыр– Алматы : Информ-Арна, 2021. – 138 б.

Шағыр, Қайырбек. Қалам мен қамшы : өлеңдер, балладалар, поэмалар / Қ. Шағыр. – Алматы: ЖК «Сакенова», 2022. – 191 б.

Жинақтар

Шағыр, Қайырбек. Семей және полигон // Туған ел – алтын бесігім = Родная земля – золотая колыбель : жас ақындардың жыр жинағы / алғы сөз авт. Б. М. Сапарбаев. – Өскемен : Шығыс-Ақпарат, 2009. – 236 б.

Шағыр, Қайырбек. Ұлы тенор : поэма // Әнші Әміре : әнші туралы деректі хикаяттар, естеліктер мен дастандар / құраст., ред. М. Сәрсеке. – Астана : Фолиант, 2018. – 464 б. – (Абай әлемі).

 

 

Қ. Шағырдың мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалары

Шағыр, Қайырбек. Тоқсан жыл дегеніміз тоғыз жыл емес / Қ. Шағыр.  // Қазақстан мектебі. – 2015. – №8. – Б. 13-14.

Шағыр, Қ. Армысың, Арқаның аспаны ! : Армысың , Астана ! ; Ауыл суреттері ; Жүрек үнсіз қалмасын : өлеңдер / Қ. Шағыр. – Мәтін // Қазақ әдебиеті . – 2016.- 18 – 24 қараша

Шағыр, Қайырбек. Жүрсең, жолдың ережесін біліп жүр! : өлеңдер / Қ. Шағыр. // Балдырған. – 2017. – № 8. – Б. 14-15

Шағыр, Қайырбек. Ата мен бала : өлең / Қ. Шағыр. // Baldyrg’an. – 2021. – № 5. – Б. 16-18

Шағыр, Қайырбек. Көп болды – ау жағаңа мал толмағалы… : өлеңдер / Қ. Шағыр. // Қазақ әдебиеті. – 2021. – 17 қыркүйек (№ 38). – Б. 15.

Шағыр, Қайырбек. Ауыл суреттері / Қ. Шағыр. // Farabi shakirti. – 2021. – №11-12. – Б. 8.

Шағыр, Қайырбек. Ана мен бала / Қ. Шағыр. // DIDAR. – 2021. – 29 мамыр (№62). – Б. 4.

Шағыр, Қайырбек. Әміре мен Иса : поэма / Қ. Шағыр. // NAIZATAS. – 2022. – №6. – Б. 81-86.

Шағыр, Қайырбек.Көшбикедегі оқиға немесе қалам мен қамшы : өлеңдер / Қ. Шағыр. // Abai. – 2022. – № 6. – Б. 88-94.

 Қ. Шағыр туралы әдебиеттер

Туған ел – алтын бесігім = Родная земля – золотая колыбель : жас ақындардың жыр жинағы = сборник стихов молодых поэтов / алғы сөз авт. Б. М. Сапарбаев. – Өскемен : Шығыс-Ақпарат, 2009. – 236 б.

Share