Буккроссинг
Көз жетпейтін жерге ұшқыр ой жетеді. Ал сол ойдың жүйріктігін жетілдіретін де, ұтқырлығын оздыратын да, сөзге шешендігін шынықтыратын да кітап екені ақиқат. Кітап оқы! Бүгін Өскемен-1 вокзалындағы буккроссингке арналған кітаптар сөресін толтырдық. Жолаушыларды кітап оқуға шақырдық.