admin

Көктеммен келген нәзіктік

Күлімдеген көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Ұлы мерекеміздің қарсаңында кітапхана қызметкерлері Абай атындағы Шығыс Қазақстан гумантарлық колледжінің ағылшын тілі мамандығының 2 курс студенттеріне «Көктеммен келген нәзіктік» атты топтық сайыс өткізді.  Сегіз кезеңнен құралған аталмыш шараға «Қызғалдақ», «Сакура», «Сәукеле» атты үш топ қатысып, өзара сынға түсті. Сәлемдесуден бастап, тарих тағылымынан тыс қалмай білімдерін ортаға…

Read More

Оқырман трамвайы

16 наурызда Наурыз мейрамы қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөапірімдер кітапханасының қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарына Халықаралық Наурыз күнін атап өтуді ұсынды. Дәстүрлі «Оқырман трамвайы» акциясы осы мақсатта ұйымдастырылды. Трамвай жолаушылары мерекелік ортаға тап болды. Жас ақын Аян Қалымбек домбырады халық әндерін орындап барлық жолаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Қызықты трамвай сапарындағы жолаушылар кітапханашылармен бірге…

Read More

Дені саудың – жаны сау

Адамның денсаулығы — қоғам байлығы. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Сондықтан салауатты өмір салтын сақтау аса маңызды. Бүгін кітапхана қызметкерлері қала мектептерінің біріне сапарлап, 7 сынып оқушыларына арнап салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Өмір қымбат білгенге» атты ақпарат сағатын…

Read More

Жайлау күні

Қазақ – табиғатпен біте қайнасқан халық. Табиғат түлеп, жер көгеріп, көктемнің жаршысы – Наурыз мерекесі келіп жеткенде адамдар бұлақтың көзін ашып, ағаш егіп, қоршаған ортаны тазалаған. Бүгін мейрамның жалғасы, яғни Жайлау күні. Мереке аясында кітапхана қызметкерлері айтулы мереке күні қаламыздың демалыс орындары – Арбатта, Ертіс жағалауында және Жамбыл, Жастар саябағында болып тұрғындар мен қала қонақтарына…

Read More

Бүгін – Көрісу күні

Бүгін – Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те айтады. Халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші-көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді. Көрісу күнін Наурыз мейрамының бастауы деп айтуға болады. Көрісу дәстүрінің тарихына үңілсек, ертеректе жапан далада қыс айларында мал баққан көпшенді халық бір-бірімен…

Read More

“Шығыс бұрымдысы” байқауы

Білектей арқасында өрген бұрым, Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын. Ақын Абай қазақ қызының жарасымды болмысын осылай өлеңмен өрнектеген. Қыз баланың биязылығы мен сымбатының көрінісі бұрымынан байқалады. Қазақ қызының қасиетін айшықтап, болмысын бағдарлау мақсатында 6 наурыз күні Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Достық үйінде “Шығыс бұрымдысы” байқауы өтті. Аталмыш байқаудың мақсаты – тән сұлулығы мен…

Read More

Көңіл көктемі

Кітапханамызда ақын, аудармашы, баспагер  жерлесіміз, Жарма ауданының тумасы Саят Қамшыгермен “Көңіл көктемі” атты әдеби кездесу өтті. Шара барысында ақынның шығармашылығы, қоғамдық қызметі, аудармалары туралы қызықты сұрақтар қойылып, оқырмандармен емен-жарқын сұхбат құрылды. Кітапхананың кітап қорынан ақын ұсынған шығармалар бойынша көрме жасақталып, ол алдағы уақытта оқырмандар назарына ұсынылатын болады. Сондай-ақ құрметті қонағамыз ең қызықты сұрақ қойған оқырмандарға,…

Read More

Әйел бүгін, ертең және әрқашан

«Шығыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлері жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен  «Әйел бүгін, ертең және әрқашан» атты дөңгелек үстел шарасы өтті. Онда көшбасшы тұлғасына тән сапалық қасиеттер аталып, тренинг жүргізілді.

Read More

1 наурыз – көктемнің алғашқы күні

1 наурыз – көктемнің алғашқы күні – елімізде ізет пен құрметке толы алғыс айту күні. Бүгін кітапхана қызметкерлері қала мектептерінің 5 сынып оқушыларына арнап бірлік пен достықтың жарқын мерекесі – Алғыс айту күнінде әдеби мозаика өткізді. Шара барысында оқушыларға мерекенің шығу тарихынан мағлұматтар беріліп, ұлттық өнер мен мәдениетті дәріптеу мақсатында ұлттық ойындар атап айтсақ «арқан…

Read More

Алғыс білдіремін

Алтыннан алғысты қымбат көретін елміз. Биылға жылы кітапхана қабырғасында қолға алынған «Бүгінгі күннің батырлары» бағдарламасы аясында алғыс айту күніне орай кітапхана ұжымы 5518 әскери бөліміне барып, «Алғыс білдіремін!» атты мерекелік шара ұйымдастырды. Ұлан ғайыр қазақ жерін қорғап жүрген барлық сарбаздарға азаматтық қоғам қалыптастыруда елеулі үлес қосып қосып, жас ұрпаққа өзінің ерлігімен үлгі болып жүрген барлық…

Read More