admin

Ілия Кәрімқызымен кездесу

Адамзаттың алтын бесігі – Алтайда туып, атажұртында түлеген ақын Ілия Кәрімқызымен кітапханамызда келелі кездесу өтті. Ақын кеш барысында сағыныш исі бұрқыраған сырлы өлеңдерінің өзегіне айналған туған жері, өскен ортасы, балалық шағы жайлы толғана әңгімеледі. Кештің қадірлі қонағы ҚР Жазушылар одағының ШҚО филиалының төрағасы Қаңтарбаев Әлібек Қалиұлы бастаған өлкеміздегі әдебиет майталмандары кеш иесінің шығармашылық әлемі жайлы…

Read More

Оқы. Ойла. Таңдауыңды жаса/Smart competition

Іс-шара зияткерлік ойын түрінде өтті, онда оқырмандар командалар бойынша жарысып, кітаптардың, ертегілер мен мультфильмдердің және басқа да танымал кейіпкерлердің есімдерін біле алды. Ойын барысында балалар дұрыс жауаптарды тауып қана қоймай, сонымен қатар іс-шараның соңғы бөлігінде оларға “Treasure quest” квестіне қатысып, сиқырлы кілтті тауып, оның құпиясын ашу ұсынылды.

Read More

Қуыршақ

Өнер – өнегелі, ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал десек, соның бірі – би өнері. Би бір сәттік қана, билеу кезінде ғана өмір сүретін уақытша, өткінші ғана алдамшы сезім емес. Ол біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің жан қалауы.  «Қуыршақ» биін үйренген кіші топтың бишілері, «аққу» биінің қимылдарын меңгерген орта топтың жас таланттары биязы би өнерінің мың сырына назданып, сұлу…

Read More

Сиқырлы бояулар

Әдемі түстер әлемді нұрландырады десек, кішкентай бүлдіршіндер күздің салқын күніне қарасмастан кітапханамызға шуағы мол шаттық сыйлады. “Сиқырлы бояулар” үйірмесінің жас суретшілері алтын күз тақырыбындағы суреттерін қылқаммен ғана салып қоймай, сезініп, жүректерімен де бейнелей білді. Келгендеріне көп уақыт болмаса да, қолымен қиялымен жүрегімен сурет салып, өздерінің талантты да қабілетті екендіктерін көрсете білуде.

Read More

Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл

Биыл қазақ әдебиеті мен журналистика саласында өшпес із қалдырған белгілі қаламгер Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл. Осыған орай кітапхана төрінде «Қазақ баспасөзінің баhадүрі» атты оқырман конференциясы өтті. Оған С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Журналистика мамандығының студенттері мен «Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебінің» 10 сынып оқушылары қатысты. Шараға қатысқан оқушыларға Шерағаның өмір жолы мен шығармашылығына…

Read More

Қызыл жебе

Қымбатты оқырмандар! Биыл Халық жазушысы, көрнекті қаламгер Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл. Назарларыңызға заңғар тұлғаның туындысын ұсынамыз! «Қызыл жебе» романы Шерхан Мұртазаның тарихи негізде жазылған еңбектерінің бірі. Романда қазақ қоғамының көлеңкелі келбеті, асау өмірдің ойлы-қырлы қалтарысы, қу дүние, атақ-мансапты жоғары қойған адамдардың түрлі сұрқиялыққа баратыны, зұлымдыққа ұшырағандардың зар-мұңы, күйініші, әлсіздің күштіден көрген қорлығы, дәрменсіздігі әсерлі…

Read More

Сезім мен өрлік тоғысы

23 қыркүйек ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бастауымен Респулика көлемінде ұйымдастырылып отырған «КітапTIME» кітап фестивалі бастау алды. Осыған орай жастар бөлімінде «Сезім мен өрлік тоғысы» атты поэзияparty ұйымдастырылып, жас ақындар сезімге толы сырын желдей желбіреген жалынды жырларымен ұштастырып жыр өрбітті, ән шырқалды. С. Аманжол атындағы ШҚУ журналистика мамандығының 2-курс студенті,…

Read More

Ұлт ұстазы

Кітапхана ұжымы қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай Өскемен қаласы №20 орта мектебінің 7 сынып оқушылары арасында «Ұлт ұстазы» атты зияткерлік сайысын өткізді. Тартысты білім бәйгесі барысында оқушылар алаш арысының өмірі мен шығармашылығы туралы бірқатар сұрақтарға жауап беріп, «Егіннің бастары», «Түлкі мен қарға» мысалдарынан сахналық көрініс қойды. Сайыс барысында алғырлықтарымен көзге түскен…

Read More

Үлкен – кіші қала бар. Ой жүгіртіп қарап ал, Көше заңы тым қатал Сақ болыңдар балалар! Біздің кішкентай оқырмандарымыз бүгін тағы бір мәрте бағдаршамның атқаратын қызметімен танысты. Шара барысында оқушылар ойын арқылы бағдаршамның негізгі ережелерін үйреніп, жол белгілеріне байланысты презентация мен бейнероликтерді тамашалады. Сондай-ақ, балалар өздерін жаяу жүргінші, жол сақшысы ретінде де сынап көріп, кітапхана…

Read More

Бағдаршам

«Қай көше, қай қалаға барсаңыз да Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да Жол жүру ережесі заңды тәртіп Ол ортақ үлкен-кіші баршаңызға» – дегендей, біздің кішкентай оқырмандарымыз бүгін кітапхана қабырғасында жолда жүру ережелерімен танысты. «Приключение Светафорика» атты ойын сағатында оқушылар жол қауіпсіздігін есте сақтап, ереже белгілерін жете үйренді. Бағдаршамның жол ережесіндегі маңыздылығына тоқтала отырып, әр түрлі сұрақтарға…

Read More