Армысың, Наурыз
Наурыз мейрамы қарсаңында Өскемен қаласы әкімдігі Жақсылық Омардың қолдауымен “Армысың, Наурыз” атты облыстық мүшәйрадан арнайы жүлдені қанжығалап қайтқан әріптесіміз Дана Исағұлқызын құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз. Жазарыңыз көп болсын.
Ертегілер елінде
Клубтық ағылшын тілі сабағы аясында халықтық ойындарға деген қызығушылықты дамытуға бағытталған іс-шара барысында балалар қазақ халқының “арқан тарту”, “көкпар”, “аударыспақ”, “бәйге” және т.б. ойын түрлері туралы білімдерін еске алып, бөлісті. Балалар ағылшын тіліндегі ұлттық ойындар туралы білімдерін жаңартып, сұрақтарға жауап бере алды және “спорт” тақырыбы бойынша сөздік қорын толықтырды. Сондай-ақ, қазақ ертегісінің кейіпкері Алдар Көсемен…
Шебер қолдар
Бүгін кітапханамыздың кішкентай оқырманы Алмасбек Ибраһим 22-наурыз мерекесі қарсаңында «Шебер қолдар» үйірмесіне қатысып, кітапхана қызметкерімен бірге түрлі-түсті фетр матасынан себет жасаудың жолын үйренді. Тез әрі оңай жасалатын себетті мереке күндері жақындарына, сыйлауға өте қолайлы.
НАУРЫЗ – 2022
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі кітапханамызда әлі де өз жалғасын табуда. Тарихы тереңде жатқан бұл дәстүрдің ұрпақ үшін берері мол. Осы орайда бүгін кітапхананың тұрақты оқырмандарына «НАУРЫЗ – 2022» атты тәрбие сағаты өткізілді. Шараға қатысушыларға Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесі және қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы туралы мағлұмат берілді. Ұлттық дәстүрімізді ұлықтаған бұл күні оқушылар әртүрлі…
Президенттің жолдауы
Кітапханада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Халыққа жолдауы тыңдалды. Жолдауда халқымыздың бірлігін нығайта отырып, еліміздің тұрақты дамуы басты назарға алынды. Қоғамда ашық әрі әділ бәсеке орнату арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруына бағытталған шаралар Жаңа Қазақстанның қарқынды дамуына ықпал етері сөзсіз. Аймақтың тұрмыс-тіршілігін жандандыруы жас ұрпақтың төл тарихымызды құрметтеп, өлкенің құндылықтарын білуіне жол ашады.
Туған өлкем-туған шежірем
Шежірені (немесе жетінші ұрпаққа дейінгі ата-бабасын) білу әрбір қазақ үшін міндетті екені белгілі. Іс-шарада балалар Шығыс Қазақстанда тұратын наймандар мен керейлердің ең көп ұрпақтары туралы білді. Балалар бұл тайпалардың шежіре ағашымен, олардың көрнекті өкілдері – батырлар, билер, данышпандарымен, мәдени мұраларымен танысты. Біз басқа тектермен салыстырмалы сипаттама жасауға тырыстық және өзіміздің тектік ағаштың үлгісін сыздық.
Наурыз келді, Жыл келді
Наурыз келді, Жыл келді, Дала жайнап, түрленді… Кітапханамызда Наурыз мейрамына арналған шаралар өз жалғасын табуда… 16 наурыз – Шежіре күнінде кітапханамызға ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ-ның 2 сынып оқушылары қонаққа келіп, тамаша сәттің куәгері болып қайтты. Бұл күнді Шығай бай, бәйбіше және Алдар көсемен бірге қарсы алған…
Жайлау күні
«…Табиғатпен тілдескен, төрт түлікпен бірге өскен» қазақ халқы – кең даламен тынысы бір халық. Наурыз мейрамын айрықша атап өту мақсатында 15 наурыз «Жайлау күні» деп бекітілген болатын. Бұл – табиғат анаға жанашырлық пен қамқорлық күні. Айтулы күнде кітапхана қызметкерлері ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№45 бейімделген орта мектебі» КММ-ның 4 сынып оқушыларына…
Детства босоного легкие следы
11 наурызда Қазақстанда Балалар жылы аясында Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында Любовь Юрковаға және оның тәрбиеленушілеріне арналған «Детства босоного легкие следы» атты әдеби қонақжай өтті. Любовь Юрьевна – ақын, Ресей Жазушылар Одағының мүшесі, Интернационалдық Жазушылар Одағы мүшесінің кандидаты, «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің, Бүкіләлемдік Жазушылар Корпорациясының мүшесі, «Поэзия – властитель языка» әдеби чатының администраторы….