admin

Оқу мектебі / Школа чтения

Өскемен қаласы әкімдігінің «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ-ның 4 сынып оқушыларымен кітапхана «Оқу мектебі» жобасын бастады. Бүгінгі сабақта оқушылар көрнекі құралдар арқылы мәтіннің тақырыбы мен мазмұнын болжап үйренді.

Read More

Ғажайып музыка әлемі

Кітапхана қызметкерлері ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ-ның 2-4 сынып оқушыларына арнап «Ғажайып музыка әлемі» атты мерекелік шарасын өткізді. Шара барысында балаларға музыканың тарихы мен түрлері, оның адам жанын емдейтін құдіреттілігі жайында түсінік беріліп, «Құстардың дауысын тап», «Әуенді жалғастыр» сияқты қызықты ойындар ойнатылды. Шара қатысушылары сиқырлы сандықшаның…

Read More

Көрісу күні

Наурыз мейрамын қарсы алу, мерекелеу халық арасында 14 наурыз – Көрісу күнінен басталады. Көрісу – тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін, бір-бірімен қауышатын мерекесі ғана емес, сондай-ақ, жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін күн. Өйткені, Көрісу салты бір күнмен ғана шектеліп қалмай, Наурыз айының соңына дейін жалғаса береді. Бүгін айтулы мереке кітапханамызда ерекше көңіл-күймен басталды,…

Read More

Қазақ халық ертегілері

Бала бойындағы жақсы қасиеттің барлығы ертегі оқу немесе тыңдау арқылы қалыптасады. Бүгін кітапханамыздың оқырмандары қазақ халық ертегілерін рөлге бөліп оқып, сахналық қойылымын жасады.

Read More

«Қауырсын қалам»

Шығыс Қазақстан облыстық драма театры жастар труппасының режиссеры және жас дарынды актеры Абай Хасеновтың шығармашылығымен таныстырды. Шара барысында режиссер өз өнерімен бөлісіп, домбырада ойнады, гитарада әндер орындады. Сондай-ақ дарынды актер өзі сомдаған рөлдердің бірінен үзінді көрсетіп, актерлық шеберліктің маңыздылығы туралы әңгімеледі. Достарының актердің қызығушылықтары туралы пікірлерін білдірген бейнеролик тосынсый болды. Бенефис-шоу қатысушылары Өскемен қаласы «Шәкәрім…

Read More

Жұмақ мекен

Бүгін кітапханамызда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Egemen Qazaqstan» және «Казахстанская правда» республикалық газеттері ұйымдастырған «Атамекен» экспедициясының қатысушылары оқырмандармен кездесті. Кездесу спикерлері – республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінің ШҚО бойынша меншікті тілшісі Мерей Қайнарұлы, «Ұлан ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Нұрхат Тоқтарханұлы, «Ұлан таңы» газетінің журналисі Қуат Русланұлы және облыстық «Дидар» газетінің тілшісі Балауса Мэлсқызы…

Read More

Қазақ әдебиеті ағылшын тілінде/Kazakh literature in English

Ағылшын тілін сүйіп оқитын оқырмандарымыз “Play and learn English” үйірмесі шеңберіндегі кезекті сабаққа қатысты. Бүгін балалар шағын кітап көрмесіне қатысып, ағылшын тіліне аударылған қазақ жазушыларының кейбір шығармаларымен таныса алды, сондай-ақ қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев шығармаларының шағын үзінділерін және қазақ халық ертегілерін ағылшын тілінде оқи алды.  

Read More

Қош келдің, Ару Көктем…

Міне, достар, көптен күткен 8 наурыз мерекесі де жақындап қалды. Осыған орай кітапханамызда «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ-ның 2 сынып оқушыларына арналған«Қош келдің, Ару Көктем…» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Шара барысында балалар тамаша әндерімен қыздарды құттықтап, уақыттарын көңілді өткізді. Күлдіргі клоун Тима мен сүйкімді Ақ қоян балаларды түрлі ойындарымен қуантты. Сондай-ақ, клоун Тиманың досы Теңіз…

Read More

Да здравствуют девчонки!

Көктемде табиғат ана оянады, қыстың қары еріп, құстар жылы жақтардан қайта оралып, табиғат жанданады. Осындай керемет мезгілмен бірге ерекше мерекелердің бірі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келеді. Атаулы мерекеге орай кітапхана қызметкерлері «№15 орта мектебі» КММ-нің 1-5 сынып оқушыларына «Да здравствуют, девчонки!» атты мерекелік шара ұйымдастырды. Мереке жаршылары – көңілді клоундар Бибик пен…

Read More