admin

Жеті қазына – өмір қажеті

Жыл көлеміне жоспарланған «Жеті қазына – өмір қажеті» атты кітапханаішілік бағдарламасы табысты жүзеге асырылды. Аталмыш бағдарлама аясында бірнеше кезеңге бөлініп, әртүрлі форматта ұйымдастырылған іс-шаралардың негізгі мақсаты қазақ өміріндегі ер жігіттің тұлғасын айқындау, халқымыздың сан ғасырдан бері атадан балаға мирас болып келе жатқан жеті қазынасы – жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, қанды ауыз…

Read More

«Ең асыл құндылық»

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына, желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығына орай ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімінің «№45 орта бейіндік мектебі» КММ 9А сынып  оқушыларына «Ең асыл құндылық» тақырыбында тарихи калейдоскоп өткізілді. Шара барысында қазақ елінің басынан кешкен оқиғалар: 1723-1728 жылдардағы жоңғар шапқыншылығы, қанша жылдар өтсе де дүмпуі дүниені дүр сілкіндірген 1941 – 1945 жылдардағы…

Read More

«Оқып болсаң басқаға бер»

Буккроссингтің басты принципі: «Оқып болсаң басқаға бер», Ұраны – «Бүкіл әлемді кітапханаға айналдырамыз». Біз, ата-ана, ұстаз, кітапханашылар болашағымызға «КІТАП ОҚЫ» деп айтудан әсте жалықпаспыз. Қала тұрғындарына және сапарға шыққан жолаушыларға өз уақыттарын тиімді, әрі пайдалы өткізуіне қолайлы болатындай «КІТАП ОҚЫ» жобасы бойынша «Өскемен-1»вокзалында «Өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» атты нақыл сөзді ұстанымға ала отырып шағын…

Read More

Ғажайыпты шынайы өмірден іздейік…

Аудандық, облыстық, республикалық әдеби конкурстардың жеңімпазы, Қазақ-венгр балалар әдебиеті жобасының мүшесі Нұғыманова Кәмшат Абылғазықызымен «Ғажайыпты шынайы өмірден іздейік…» атты кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында жерлес жазушының ертегілері венгр тіліне аударылып, екі елдің ортақ платформасында жарияланғаны жайлы сөз болды. Балаларға арналған «Жоғалған ұйқы» кітабының тұсауын өлкеміздің ақындары Ихсанова Нұржанат Бақытқызы мен Оразай Жеңісұлы кесті. Сондай-ақ, кездесуге жинақтың…

Read More

Евгений Вадимович Домашевпен кездесу

26 қараша күні кітапхана оқырмандары – өлке табиғатының сұлулығын ерекше бағалайтындар мен фотография өнеріне қызығушылар Шығыс Қазақстан облысының үздік фотографтарының бірі Евгений Вадимович Домашевпен кездесті. Белгілі фотограф кітапхана оқырмандарына өлкеміздің көрікті әрі саяхатшылардың ең көп келетін жерлері – Подбелушье, Ивановский жотасы, Бұқтырма, Тайынты, Сауыр-Тарбағатай өңірлерінің әсем табиғаты туралы қызықты ақпараттар берді. Евгений Вадимович – эколог,…

Read More

Алматы –Тәуелсіздіктің алтын бесігі

Алматы қаласының әкімшілігі және Алматы қалалық Мәдениет басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған «Алматы –Тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты республикалық форумның екінші күні сәтті жалғасуда. Форумда ҚР Мәдениет және Спорт министрлігі жанындағы кітапхана ісі жөніндегі көркемдік кеңестің «Кітапхана және оқырман: ынтымақтастықтың жаңа жолдары» тақырыбындағы отырыс болып өтті. Көркемдік кеңесте ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының директоры Қойтанов Әділ Қаженбайұлы кітапханашыларды…

Read More

«Ел ағасы»

ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының директоры Үмітхан Дәуренбекқызы қазіргі қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, ұлт әдебиетінің қоржынына «Ақбоз үй» сынды кесек туынды салған белгілі қаламгер Смағұл Елубай ағамызға «Ел ағасы» құрметті марапатын табыстады. ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұжымы мен оқырмандары қаламгерді құрметті атағымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық тілейді! #vkolibrary #вкодюб

Read More

Әдеби QUIZ

25 қараша күні кітапхана қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Заки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ-ның 7 сынып оқушылары арасында «Әдеби QUIZ» интеллектуалды сайысын өткізді. Әдеби сайыс «Тез-тез тест», «Тауып көр», «Сәйкестендір», «Бұл кім?» және «Оңай емес» атты бес кезеңнен, әр кезең төрт тапсырмадан құралып, қатысушылар 5 топқа бөлініп…

Read More

Қызықты әдеби қоржын

Бүгін кітапхана қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Заки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ-нің 5 сынып оқушыларына арнап «Қызықты әдеби қоржын» атты ойын сабағын өткізді. Сабақ барысында оқушыларға бірінші тоқсанда оқыған ертегілерімен бірге Ыбырай Алтинсаринның әңгімелері жайлы қызықты тапсырмалар берілді. Тапсырманы қасқыр мен қоян да жарыса орындап, оқушыларға жақсы…

Read More

Мейірім, ынсап және әділет

«Мейірім, ынсап және әділет» тақырыбында педагогика және психология ғылымдарының магистрі Берік Кәдірұлының  қатысумен дөңгелек үстел өтті. Басқосуда Абай атындағы ШҚ гуманитарлық колледжінің студенттері, З. Ахметов атындағы №16 орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары және Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың белсенді студенттері қатысты. Берік Кәдірұлы өз сөзінде мейірім мен әділет күнделікті естіп жүрген сөз. Ал «Ынсап» дегеніміз қандай мән береді?! Ынсап,…

Read More