Қайырымы аздау қараша, келемін десең, кел енді
Бүгін кітапханамызда жас ақын, журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Оразай Жеңісұлымен «Қайырымы аздау қараша, келемін десең, кел енді» атты әдеби кездесу өтті. Кездесу қызықты ойынмен басталып, кеш қонағының шығармашылығы мен өмір жолына арналған бес кезең бойынша жүргізілді. Ақын кітапхана оқырмандары мен кеш қонақтарына балалық шағындағы, оқушы кезіндегі қызықты оқиғаларымен бөлісіп, оқырмандардың қойған сауалдарына жауап берді….