admin

Жамбыл-жыр мұхиты

Кешегі бір сағат бір ғасырға жуық өмір сүрген, қазағын қара сөзбен қанаттандырып, жұртын жырымен жебеген Жыр алыбы Жамбыл Жабаевқа арналды. Жастар орталығында  «Жамбыл-жыр мұхиты»  атты тақырыпта  киноtime өткізілді.    Онда Жамбыл атамыздың өмірі жайлы қысқа метражды «Жамбыл» фильмі көрсетілді. Жастарымыз фильмнен алған түйіндерін, ойларын ортаға салып,   өз араларында ойталқы жасады. Ақынның артына қалдырған мол мұрасынсыз елестету…

Read More

Жыл мезгілдері

Бүгін кітапханамызға  Өскемен қаласы әкімдігінің «№45 бейімделген орта мектебі» КММ-ның 4 сынып оқушылары қонаққа келіп, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған көрмемен, кітапхана орталықтарымен танысып, жыл мезгілдеріне арналған әртүрлі эстафеталық ойындарға қатысты. Берілген тапсырмаларды белсене орындап, ән айтып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Шараға қатысушылар сынып жетекшілерімен бірге көктем, жаз, күз, қыс мезгілдеріне бөлініп, топтық сайысқа да түсті. Әр…

Read More

«Приключение светофорика»

Өскемен қаласы әкімдігінің «№14 орта мектебі» КММ-ның 4 сынып оқушылары алғашқы тоқсандық демалыстарын кітапханамызға қонаққа келіп, ерекше көңіл-күймен бастады. Кітапхана қызметкерлері кішкентай қонақтарына кітапхана орталықтарын таныстырып, шағын саяхат жасады. Кітапхана орталықтары мен қызметкерлері жайлы мәліметке қанық болған оқырмандарды әртүрлі эстафеталық ойындардан тұратын «Приключение светофорика» атты мерекелік шара күтіп тұрды. Жол ережелерін түсіндіруге бағытталған шара барысында…

Read More

тимбилдинг «Jastar серпантині»

29- қазан күні кітапханадағы жастар орталығында, «QAINAR» QQ мен «Аяла» еріктілер мектебінің мүшелері арасында «Jastar серпантині» атты белсенді жастармен тимбилдинг өткізілді. Белсенділер басқосуында жастар топқа бөлініп, 5 бөліктен тұратын эстафеталық ойында өзара жарысты. Шарада «Іскерлік амандасу», «Бұйрық», «Үй тұрғыз», «Құбыр», «Қалдықдар жинау» атты командалық ойындар ойнады. Қатысушылардың айтуынша, ұйымдастырылған тимбилдингтен олар сергектік, зейінділік, шапшандық, ұйымшылдықпен…

Read More

«Communication and technology. Television and children» / Коммуникация және технология. Телевизия және балалар

Клуб отырысының мақсаты танымдық қызығушылықты, логикалық ойлауды дамыту болды. Сабақта оқырмандарымыз медиатехнологияның заманауи мәселелерін және олардың қазіргі мектептің оқу үрдісіне әсерін талқылады. Сабақтың кіріспе бөлімі студенттерге ағылшын тіліндегі балалардың бірінің заманауи ақпараттық технологиялардың бар екендігі және олардың қазіргі адам өміріндегі орны туралы баяндамасымен қызықты презентация ұсыну болды. Бұдан әрі балалар екі топқа бөлініп, қазіргі заманғы…

Read More

«Қызық екен» танымдық-зияткерлік ойыны

Кітапхананың жас оқырмандары үшін олардың білімін, іскерлігін, ойлау қабілетін, белсенділігін нығайтуға ықпал ету мақсатында «Қызық екен» танымдық-зияткерлік ойыны ұйымдастырылды. Бұл ойында балалар өлкеміздің аты аңызға айналған қасиетті, киелі жерлері жайлы мәліметтер алып, олардың пайда болу тарихымен танысты. Мысалы, «Кітап әлемі» бөлімінде балалар жерлес ақын-жазушылардың шығармашылығымен танысып, осы жылы жарыққа шыққан кітапхана қорындағы жаңа кітаптармен танысты….

Read More

Күз – береке, күз – молшылық

Кітапхана қызметкерлері өз оқырмандарына арнап «Күз – береке, күз – молшылық» атты күзгі бал мерекесін ұйымдастырды. Шара әсем әнмен басталып, жаймашуақ «Жаздың» қызықты ойындарымен, «Алтын күздің» салмақты сауалдарымен, Орман атаның ізгі тілегімен жалғасты. Мереке барысында кішкентай оқырмандар да ән айтып, көңілді әуенге би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Сұрақтарға қызыға жауап беріп, өз белсенділігімен көзге…

Read More

Жыл мезгілдері

Бүгін кітапхана қызметкерлері ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№10 мектеп-гимназиясы» КММ-де болып, 2 сынып оқушыларына арнап «Жыл мезгілдері» тақырыбында іс-шара өткізді. Шара барысында кішкентай оқырмандар көктем, жаз, күз, қыс мезгілдеріне бөлініп, топтық сайысқа түсті. Берілген тапсырмаларды белсене орындап, ән айтып, би билеп, викториналық сұрақтарға шапшаңдықпен жауап берді. Әр айналым сайын өз жылдамдығымен…

Read More

Дидар газетінің 90 жылдық мерейтойы

Ғасырға жуық тарихы бар Дидар газетінің 90 жылдық мерейтойына орай кітапханамызда «Шығыстың Didary» атты іс – шара өтті. «Дидар» газетінің журналистері айтыскер ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Серік Құсанбаев, ақын – журналист Тілеукен Тілеубердіұлы болашақ журналист студенттермен кездесті. Газет тарихына қысқаша шолу жасалып, басылымның бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері туралы айтылды. Дидар газетінен «Дидар» газетінде…

Read More

Ағайынды Абдуллиндер: аңызға айналған дуэт

Кітапханада халық әртістері ағайынды Абдуллиндердің туғанына 105 жыл толуына орай «Ағайынды Абдуллиндер: аңызға айналған дуэт» атты шара ұйымдастырылды. Шара барысында  Ағайынды  Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің оқытушысы Кунафина Қарлығаш Хасейінқызы атақты талант иелеренің шығармашылық өмірі мен өнерлерінің қалыптасу тарихы, қазақ өнерінің дамуына қосқан ерең еңбектері жайлы айтып, шара қонақтарын аталмыш училищенің көп жылдық тарихынан…

Read More