admin

Ы.Алтынсарин мұрасы: дәстүр мен инновация сабақтастығы

Кітапханада жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай «Ы.Алтынсарин мұрасы: дәстүр мен инновация сабақтастығы» атты республикалық конференциясы ұйымдастырылды. Ұлы ағартушының мерейтойына арналған  кітапханааралық конференцияға Республика көлемінде: Алматы қаласы  Орталықтандырылған кітапхана жүйесі, Жамбыл атындағы  қалалық жасөспірімдер кітапханасы, Ақтөбе қаласы, Нүрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы, Д.А. Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар…

Read More

Шымырлық пен шеберлік күні

Өскемен қаласының Шәкәрім атындағы №1 орта мектебінің 5 «А» сынып оқушыларымен Наурыз мейрамының қарсаңында «Шымырлық пен шеберлік күні» ұйымдастырылды. Атап айтқанда асық ату, ұшты-ұшты, арқан түю, тақия тастамақ, тымақ ұру сияқты ұлттық ойындар ойнатылды. Шараның басты мақсаты ұлттық ойындарды насихаттай отырып, қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтеуге тәрбиелеу.

Read More

17-наурыз игі істер күні!

Мейірімді, бауырмал, көмекке дайын тұратын абзал адамдар – кез келген қоғамның негізгі тірегі. Лепірме сөз сияқты көрінсе де, мейірімділік пен қайырымдылық адамға адам болып қалуына көмектеседі. Қалаған жағдайда мұндай лайықты қасиетке кез келген адам ие бола алады. Қоғам болған соң көмекке мұқтаж адамдар да көмек қолын созатын жандар да табылады. Дәл бүгін Игі істер күнінде Шығыс…

Read More

«Ұлттық дәнге ұста бол»

2021 жылдың 18 наурызы күні ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасы қабырғасында «Ұлттық дәнге ұста бол» атты қазақ асханасының фестивалі ұйымдастырылып, қазақ халқының ұмытылып бара жатқан тағамдары өзге ұлт өкілдеріне таныстырылды. Фестиваль барысында Шығыс Қазақстан өңірінде ұлттық тағамдарды насихаттап жүрген «QURT&WINE» мейрамханасының иесі, ресторатор Тойбазаров Мұхтар Серікұлы қазақ халқының ұлттық тағамдарының ерекшеліктеріне тоқтала отырып, оқырмандарға қазақ асханасын…

Read More

“KORISU QUIZ”

2021 жылдың 13 наурызы күні ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасы жылдың басы, жақсылықтың жаршысы, татулық пен берекенің белгісі болған амал мерекесіне орай өңірімізде әр салада қызмет істеп, білім алып жүрген жастар арасында санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып “KORISU QUIZ” атты интеллектуалды ойынын өткізді. Ойынға қаламызда және жақын аудандарда қызмет етіп жүрген 7 жас азаматтар мен азаматшалар…

Read More

«Көрісу күні»

Қайырлы күн, қымбатты оқырман! Жаңа жылдың жаршысы – “Көрісу күні” құтты болсын! Мереке қарсаңында кітапханамыз “Шәкәрім атындағы 1-ші орта мектебінің” 6-7 сынып оқушыларына “Амал келді, жыл келді” тақырыбында zoom платформасы арқылы онлайн баяндама жасады. Баяндама Көрісу күнінің шығу тарихы, қазақ тұрмысындағы бүгінгі орны, мәні мен мағынасы туралы және қазақ халқының ұлттық ойындары мен ұлттық тағамдары,…

Read More

«Алғыс айту – парызым»

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасы «Шәкәрім атындағы №1 орта мектебімен» бірлесіп, «Алғыс айту – парызым» атты онлайн конференциясын жоғары деңгейде өткізді. Конференция тізгінін «Шәкәрім атындағы №1 орта мектебінің» тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Маржан Мұратбекқызы өз қолына алып, «Алғыс айту» мерекесінің ерекшеліктеріне тоқталып, конференция қонақтарына өз алғысын білдірді. Кітапханамыздың…

Read More