«Алтайым – атамекенім» әдеби кездесу
2024 жылдың 21 қарашасында Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, «Алаш» халықаралық сыйлығының иегері, жазушы, зерттеуші Мағзұмов Тоқтарбек Нұржақыпұлымен «Алтайым – атамекенім» атты әдеби кездесу өтті. Тоқтарбек Нұржақыпұлы оқырмандарға өзінің туған жерінің тарихы, Алтайдағы жер-су атауларына қатысты аңыздары жайлы, сондай-ақ «Алтайдың жыршысы» атанған жазушы Оралхан Бөкей туралы тағылымды әңгімелерін баяндады….