Бүгін кітапханамызға Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Құқықтану» мамандығының студенттері келіп, құқық саласының даму болашағына арналған «Болашаққа құқықпен қадам» атты форсайт-талқылауға қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар заманауи заңнамадағы өзекті мәселелерді, құқықтық мемлекет қалыптастырудағы жастардың рөлін, сондай-ақ құқық саласының дамуындағы негізгі үрдістерді талқылады. Әсіресе, заң жүйесін цифрландыру үдерістеріне, азаматтық жауапкершілік мәселелеріне және қоғамдағы құқықтық сана деңгейіне ерекше назар аударылды. Форсайт-талқылау форматы көтерілген мәселелерді жан-жақты талдауға және болашақта құқықтық жүйенің даму бағыттары жөнінде көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Аталған іс-шара студенттердің құқықтық ойлау қабілетін, аналитикалық дағдыларын дамытуға, сондай-ақ олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етті.
Іс-шараның қорытынды кезеңінде кітапхана бойынша экскурсия ұйымдастырылып, қатысушылар кітапханалық қорлармен, мекеменің құрылымымен және негізгі қызмет бағыттарымен танысты. Экскурсия студенттердің оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарында кітапхана ресурстарын пайдалану мүмкіндіктері туралы түсінігін кеңейтті.














