Стилтон, Жеронимо. Мың ғажайып. Италияға саяхат

Стилтон, Жеронимо. Мың ғажайып. Италияға саяхат / Ж. Стилтон. – Алматы : Steppe&World, 2024. – 224 б. Құрметті достар, қауіпсіздік белбеуін тағып, дайындалыңыздар… бізді Италияның ғажайыптарын көретін керемет саяхат күтіп тұр! Ол – жарыс, ол – шытырман оқиға, ол – қазына іздеу… Мен отбасыммен бірге қала, ауыл және табиғаты ғажап жерлерді көретін таңғажайып саяхатқа қатыспақпын….

Read More

Сөзді қақ, тіркесті тап!

Сөзді қақ, тіркесті тап! / құраст.: Ә. Аюбек, А. Ағзамханқызы. – Алматы : Kazakhcontent, 2024. – 64 б. : сурет. Қазақ тілі тұрақты тіркестерге бай. Фразеологизмдер баланың сөздік қорын байытып, шешен сөйлеуге үйретеді. Әрі тұспалмен жеткізуге, астарлы ойды қабылдай білуге бейімдейді. Кітапта фразеологизмдер түрлі суреттермен өрнектеліп, баланың оқуына, жаттауына, түсінуіне лайықты етіп әзірленген. Кітап бастауыш…

Read More

Гөкдуман Н. А. Жұмбақ Гизем: хикаят. – Алматы: «Мазмұндама баспасы», 2023. – 164 б.: суретті

Түрік жазушысы Нехир Айдын Гөкдуман – бала жанының нәзік қылын дөп басар ерекше қолтаңбасы қалыптасқан суреткер. Қазақ оқырманына алғаш жол тартқан «Жұмбақ Гизем» атты туындысымен енді ғана танысқан кез келген бала Гиземнің басынан өткен хикаяларды қызыға оқитыны, сол оқиғалардың ішінде өзі де бірге жүргендей күй кешетіні анық. Бас кейіпкер Гизем – қиялы бай, арманшыл, білмекке…

Read More

Голдсмит Др. Майк Ғаламның сыры… және кеңістіктегі біздің орнымыз: ағылшын тілінен ауд. Ш. БагиеваӘлімжан. – Алматы: Steppe&Worid, 2023. – 96 б.

Ғалам қалай жаралған? Оның сыры мен құпиясы неде? Біздің ондағы орнымыз қандай? Ғаламның жасы нешеде? Осы және де өзге сұрақтарға жауап іздеп жүрген білімпаз балаларға арналған қып-қысқа кіріспе.

Read More

Гауф В. Кішкентай Мук: ертегі / В. Гауф; [ауд. Т. Әукенова] . – Астана: Фолиант, 2024. – 32 б.: суретті

Немістің танымал жазушысы Вильгельм Гауфтың «Кішкентай Мук» ертегісі – қала балаларының мазағына айналған бақытсыз ергежейлі туралы оқиға. Ол тағдырдың тәлкегіне ұшырайды: ешқандай іске икемі болмайды, жастайынан жетім қалады, туыстарының зұлымдығын көреді. Бұл – адамды сырт келбетіне немесе қоғамда алатын орнына қарап бөлуге болмайтынын үйрететін мағыналы ертегі. Ертегінің сараңдықпен қызғаныштың алысқа апармайтынын, жақсылықтың жамандықты жеңетінін еске…

Read More

Гөкчеер, Г. Маған олай қарама! / Г.Гөкчеер; [түрік тілінен ауд. А. Бекзатқызы]. – Астана: Фолиант, 2023. – 40 б.: суретті

Томпақ немесе арық, көзілдірік таққан  немесе бетінде секпілі бар, тұйық немесе өте пысық… Басқалардың өзін қандай болса да, сол қалпында қабылдағанын қалайтын балалардың әлемге айтары бір: Маған олай қарама!

Read More

Дулатұлы М. Оян, қазақ! Роман, өлең-жырлар, әңгімелер. – Алматы: «Самға» баспасы, 2023. – 256 б.

Міржақып Дулатұлы «Оян, қазақ!» деген ұранмен қазақ қоғамының ұлттық рухын оятқан ұлт зиялысы. Аз ғұмырын халқының білім алуына, тәуелсіз, еркін, азат болуына сарп етті. Олар ұлт үшін ештеңеден аянған жоқ. Ең бастысы, бір ұлтың тағдырын мойынына артып, Ұлы мақсат жолында жан аямады. Міржақып қазақ әдебиетінде ең бірінші болып көркем проза жанрында роман жазып шыққан автор….

Read More

Голдсмит Др. Майк Энергияның сыры… және біздің әлемді қалыптастырудағы маңызы : ағылшын тілінен ауд. Б. Әлімжан. – Алматы: Steppe&Worid, 2023. – 96 б.

Энергия қайдан жаралады? Қайдан келеді? Қайдан барады? Онсыз әлем қандай болар еді? Осы және өзге сұрақтарға жауап іздеп жүрген білімпаз балаларға арналған қысқа мағлұмат берілген.

Read More

Диккенс Ч. Үміт құшағында: роман / Ч. Диккенс; ауд. Г. Исмағұлова. – Астана: Фолиант, 2023. – 488 б. – (Әлемдік классика)

Романның басты кейіпкері Филип Пиррип нағыз джентльмен болуға және қоғамда азаматтық көзқарасын қалыптастыруға ұмтылады. Ол сондай-ақ сүйіктісіне қол жеткізуді де армандайды. Бірақ уақыт өте қамқоршысынан алған қаржылай көмегі мен джентльмендер әлеміндегі дұшпандық пен мейірімсіздіктің бақытқа бастамайтынын түсінеді. Шым шытырық оқиғаларға толы романда жазушының өмірбаяндық сарыны байқалады.

Read More

Верн Ж. Капитан гранттың балалары: роман / Ж. Верн; ауд. Г. Айшихова. – Астана: Фолиант, 2024. – 632 б. – (Шытырман оқиғалар).

Лорд Гленарван және оның жұбайы Элен, алаңғасар географ Паганель, батыл теңізші Джон Манглс, майор Мак-Наббс, капитан Гранттың балалары — Мери мен Роберт кемемен жаһанды шарлай саяхаттап, Патагонияны, Австралияны, Жаңа Зеландияны кесіп өтеді. Олар су тасқынынан бас сауғалап, жер аударылған адамдармен кездеседі, адам жегіштердің тұтқынына тап болады, бірақ осындай қиындықтарға қарамастан, кемесі апатқа ұшыраған Гарри Грантты…

Read More