Бастауышпен қоштасу
Қош бол, Бастауыш! Өмірдің бір белесі – бастауыш сыныпты бітіріп, үлкен өмірге қадам басқан кішкентай оқырмандарымызға ақ жол тілейміз! #Бастауышпен_қоштасу #қош_бол_бастауыш #алғашқы_ұстазым #шқобжк #вкодюб
Қош бол, Бастауыш! Өмірдің бір белесі – бастауыш сыныпты бітіріп, үлкен өмірге қадам басқан кішкентай оқырмандарымызға ақ жол тілейміз! #Бастауышпен_қоштасу #қош_бол_бастауыш #алғашқы_ұстазым #шқобжк #вкодюб
Алғаш мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндерді білім алуға, озат, үлгілі оқушы болуға шақыратын «Біз мектепке барамыз» атты шара кітапханамызда өз жалғасын табуда… Мереке барысында бүлдіршіндер Күлдіргі мен Бүлдіргі, Екілікпен бірге қызықты ойындар ойнап, түрлі сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, олар жаттап келген тақпақтарын айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Шара соңында болашақ оқырмандар мектепте тәртіпті болуға,…
Ары таза адамның шыққан биігі әдемі көрінеді. Өйткені, ол не нәрсеге қолы жетсе де, таза жетеді. Негізі, ар, ұят, намыс – адамның иманының деңгейін көрсететін негізгі қасиеттер екендігін кешегі күні өткен «Ар ұждан адамдық айнасы» атты дөңгелек үстелде айтылып, түрлі пікірлер ортаға салынды. “Ұят кімде болса, иман сонда” деген Абайдың бір сөзін «Qainar» қайырымдылық қорының…
Бүгін өлкетану орталығында Қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым М.Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Әуезов және Әдебиет» атты әдеби зерттеу сабағы өтті. Оқырмандар «Жуан-жіңішке сұрақтар» арқылы жазушы өміріне саяхат жасай отырып, тың мәліметтермен танысты. Ұсынылған бірнеше шығармаларынан өздері таңдаған «Жетім» әңгімесін «Үздіксіз оқу» әдісімен бөліктерге бөліп оқып, мазмұны бойынша жоспар құрды. «INSERT» тәсілі арқылы кейіпкерлеріне…
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балалардың игілігі үшін» республикалық акциясының аясында кітапхана қызметкерлері ҚР Әкелер мектебінің Өскемен қаласындағы бөлімшесінің тәрбиеленушілеріне «Балалық шақ – бақ» атты ойын сағатын өткізді. Ойын барысында қатысушылар өздерінің алғырлығымен, білімділігімен көзге түсіп, берілген тапсырмаларды ұйымшылдықпен атқарды. #Халықаралық_балаларды_қорғау_күні #Балалардың_игілігі_үшін_республикалық_акциясы #ҚР_Әкелер_мектебі #балалық_шақ_бақ #балалар_ойындары #шқобжк #вкодюб
Әр адам – бір бала. Бүгін кітапханамызда ересектерге арналған тимбилдинг ұйымдастырылып, ойын қатысушылары балалық шағын еске алып, ойындарға қызыға қатысты. #тимбилдинг_2022 #vkolibrary #кiтапхана #шқобжк #вкодюб
Заңғар жазушы Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдық мерейтойына орай жастар орталығында «Махаббат пен сана» атты театырландырылған қойылым өтті. Онда С. Аманжолов атындағы ШҚУ «Шабыт» студенттер театрының мүшелері «Махаббат қызық мол жылдар» романының желісі бойынша қойылым көрсетті. «Өскемен экономика және қаржы колледжі» ЖШС студенттері жазушының өмірі, шығармашылығы туралы толық ақпарат алып, махаббат сезімі туралы өз ойларымен бөлісті….
Өткенімізді ұмытпау, ұлыларды ұлықтау – бүгінгі күннің басты талабы. Біздің кішкентай оқырмандарымыздың көп кітап оқып, білімді болуға, әртүрлі ақпарат алуға деген қызығушылығы күннен күнге арта түсуде. Ұлы Жеңіс күні жайлы, бейбіт күнді сыйлаған батырларымыздың ерлігі мен батылдығы жайлы мол ақпарат алған бүлдіршіндер әртүрлі ойындарға қызыға қатысып, қойылған сұрақтарға жылдам әрі ұтымды жауап беріп, өз белсенділіктерін…
Кітапханамызда «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы туралы қызықты ақпараттарды көпшілік оқырманға жеткізу мақсатында «Өткеннің қазынасы – болашаққа» атты виртуальды саяхат ұйымдастырылды. Мәдениет саласының үздігі, музей-қорығының директоры Сарыбасов Алмас Тілеужанұлы оқырмандарға Еуразия Ұлы даласының кіндігі – Алтай жерінде орналасқан Берел қорығының таңғажайып сұлу табиғаты және көне жәдігерлері, этно-мәдениеті туралы әңгімелеп берді. Шараға қатысушылар ежелгі сақ қорғандарынан табылған…
Ертегілер-бұл фольклордағы жанрлардың эстетикалық және тәрбиелік әсерінің ақпараттылығы, күші жағынан таңғажайып бірі. Бүгінгі үйірме сабағы осы жанрдың эстетикасына арналды. Біздің оқырмандар өздерінің сүйікті ертегілері бойынша өз суреттерін жасауға қатыса алды. Бұған дейін оларға “Guess the tail”, “Who is it?” “Wolf and goatlings” және “Ертегі әуені” ойындары ұсынылады.