«Оқу мектебі» жобасы

«Оқу мектебі» жобасының кезекті сабағы “Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі” – нің 4 сынып оқушыларымен жалғасты. Оқушылар берілген көрнекі құралдарды пайдалана отырып өз қиялдарынан шағын мәтін құрастырды. Сабақтан алған әсерлерін смайлик арқылы көрсетті. #оқумектебі #оқуғадейінгімәтінменжұмыс #мәтінменжұмыс #шқобжк #вкодюб #vkolibrary #школачтение

Read More

Ұранды елдің ұрпағы – қайсар

Кітапханамызда 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Ұранды елдің ұрпағы – қайсар» атты тақырыптық көрме оқырман назарына ұсынылды. Кітап көрмесімен танысу барысында оқушылар ел егемендігі жолында жанын берген батыр тұлғаларымыз жайлы мол ақпарат алып, естеліктер тыңдады. Қатысушылар отан қорғаушылар туралы қысқаша хабарламалар дайындап, арнау өлеңдерден үзінді оқыды. Аталмыш көрмеге қазақ елінің әскери тарихын баяндайтын…

Read More

Отан қорғаушылар күні

Бақытты боп жүргенім Сенің арқаң, Ұлы Отан. Елім менің тірегім, Құшағыңда гүл атам. Иә, бақытты бүлдіршіндеріміз 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнін кітапханашылармен бірге қарсы алды. Спорттық сайыстар – жүгіруде, секіруде, дратс атуда белсенділік көрсеткен оқырмандар қолөнерден де құралақан емес екенін байқатты. Сурет салып, танк, ұшақ жасаған олар өз ұшақтарына алдағы күнге деген арман-тілектерін жазып,…

Read More

«Қаһарман Қасым Қайсенов» шашыраңқы кітап көрмесі

2022 жылдың 5 мамырында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында жас оқырмандарға аты аңызға айналған жерлесіміз, соғыс қаһарманы, «Халық қаһарманы» орденінің иегері Қасым Қайсеновке арналып жас оқырмандар назарына «Қаһарман Қасым Қайсенов» атты шашыраңқы кітап көрмесі ұсынылды. Қатысушылар Қасым Қайсенов шығармашылығы арқылы отты жылдар тарихына жол тартты. Барлаушының тарихы, жау тылындағы «шытырман оқиғалары» жазушының «Жау тылындағы…

Read More

Ғасырлар пернесі

«Ғасырлар пернесі» айдары оқырмандарды өткен ғасырлардағы сал-серілер шығармашылығымен таныстыруды жалғастырады. Тағы да осындай форматтағы шара балалардың басын қосып, 19 ғасырда өлкемізде өмір сүрген дарынды ақын, күйші Әсет Найманбайұлының өмірбаянымен таныстырды. Қатысушылар жазушының өлеңдерін оқып, музыкалық шығармаларын тыңдап, өздері орындады, оның ішінде белгілі «Еркесылқым» күйі де орындалды. Алған білімдерін тиянақтау ретінде Әсет Найманбайұлының өмірбаяны мен шығармашылығына…

Read More

Күш бірлікте/Unity is a great power

Қазақстан халықының ынтымақтастығы күніне арналған іс-шарада кішкентай оқырмандарымыз неміс ертегісі «Гензель және Гретель», орыс ертегісі «Маша және аю» және қазақ ертегісі «Алдар Көсе» сияқты түрлі халықтардың ертегілерінің кейіпкерлері арқылы біздің еліміздің аумағында тұратын халықтар туралы біле алды. Әдеттегідей, жаңа ағылшын сөздерімен танысты, Қазақстан халықтарының дәстүрлері туралы білді, сондай-ақ түрлі танымдық конкурстар мен ойындарға қатыса алды.

Read More

Мен – елімнің ертеңі

Өскелең ұрпақтың көп кітап оқып, білімді болуына ықпал ету қаншалықты маңызды болса, олардың салауатты өмір салтын ерте жастан ұстануларына да ықпал ету соншалықты жауапкершілікті талап етеді. Өйткені, бүгінгі дені сау ұрпақ – ертеңгі ел қорғаны, мықты азамат. Біздің оқырмандарымыз 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесі қарсаңында түрлі спорттық ойындардан өзара сайысқа түсті. Жарыс барысында…

Read More

Сұлулық өз қолыңмен

«Сұлулық өз қолыңмен» шеберлік сағатында бет әрлеуші Батекенова Камилла Асланқызы мен Орзабекқызы Гаухар күнделікті макияж жасаудың сырларымен қатар сурет салу өнерінің бар екенін айтып, эпоксидті бұйымдар жасаудың қыр-сырымен бөлісті. Шығармашылық тұлға ретінде Камилла өзінің таланттарын сұлулық индустриясының бірнеше бағыттарында қамтып, ол өзі үшін қызықты бағыттарды қалай іздегені, оның қызметі неден басталғаны туралы әңгімеледі. Жас маман…

Read More