Атамекен: Шар

Біздің мақсатымыз жыл бойы кітапхана оқырмандарын өңірдегі елді мекендердің қайталанбас тарихымен таныстыру болатын. Бірінші зерттеу нысаны бұрынғы Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданындағы Шар қаласы болды. Селфи-турға қатысқан оқушылар Шар қаласы жайлы көптеген қызықты мәліметтермен танысты. Шар қаласының өткені мен бүгіні туралы аңыздар, шынайы оқиғалар баяндалды. Шара барысында 1885 жылы ұлы Абайдың Шар топырағын басқанын, ондағы…

Read More

Өлкеңді таны. Знай край

Шәкәрім Құдайбердиев атындағы №1 мектептің 6-сынып оқушылары «Өлкеңді таны. Знай край» зияткерлік ойынының қатысушылары болды. Шара – ойын арқылы туған өлкенің тарихымен, әдебиетімен, мәдениетімен таныстыруға негізделген. Командалық бәсекеге қабілеттілік алғашқы минуттардан-ақ байқалды. «Жұлдыздар мен гүлдер» ойыны бойынша топқа бөлініп, ойын басталды. «Кім жылдам?», «Бұл кім?», «Сен білесің бе?», «Суреттер сөйлейді», «Қателеспе!», «Шығармашылық қобдиша» тапсырмаларын топпен…

Read More

Жыр-ғұмыр

Бүгін кітапханамызда «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» жобасы аясында өлкеміздің тумасы, ақын Арғынбек Апашбайұлының туғанына 140 жыл толуына орай ақынның шөбересі Өмірбек Жеңісұлымен «Жыр – ғұмыр» атты кездесу өтті. Кездесу барысында оқырмандарға ақынның өмірі, шығармашылығы, ұрпаққа қалдырған жыр – мұрасы туралы мол ақпарат берілді. Сондай-ақ, шара барысында студенттердің қатысуымен ақынның өлеңдері  оқылып, Бақытбек Бекболатұлы ақынның сөзіне жазылған «Жер…

Read More

Science with fun!

Бүгін шет тілдеріндегі әдебиеттер орталығы ғылым аптасына арналған сабағын ұсынды. Ең алдымен балалар Исаак Ньютон, Альберт Эйнштейн Галилео Галилей сияқты ғалымдармен, және олардың ашқан жаңалықтарымен танысты. Ал өткен тақырып пен ағылшын тіліндегі жаңа сөздерді түйіндеп, еске сақтауға «Эврика!» атты ойын-викторинасын ойнады. Сабақ соңында оқырмандар өздері ғалымдарға айналып, бірнеше эксперимент жасап көруге қатысты.

Read More

Маленькие таланты

   «Маленькие таланты» жобасы аясындағы кезекті кездесу Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ  5-сыныптарының дарынды оқушыларымен өтті.  Олар: әнші – Ақбердинова Ясмин Дәуренқызы, боксшы – Рахметолла Нұрсұлтан Ринатұлы, күйші – Қанарбек Айзере Бақытқызы, ақын – Алмабекова Айзере Алтынбекқызы, гимнастикамен айналысатын – Құсманова Нұрай Әділқызы. «Автор орындығы» әдісі бойынша…

Read More

Құсанбаев Серік Сәдуақасұлының кітаптарының таныстырылымы

Кітапханамызда Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, айтыскер ақын, журналист Құсанбаев Серік Сәдуақасұлының жуырда ғана жарық көрген екі томдық «Көкдауыл», «Дүбірге толы дүние» кітаптарының таныстырылымы болып өтті. Бұл кітаптарға қаламгердің әр жылдары түрлі тақырыптарға қалам тербеген ой-толғамдары, ел азаматтарымен жүргізген сұхбаттары, қоғамдағы өзекті мәселелерге арналған мақалалары мен естеліктері енген. Кешке С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенттері, БАҚ…

Read More

«Мамандық таңдау – ертеңді ойлау»/Choosing a career is not an easy matter

Оқырмандарымыз үшін мамандықтар әлеміне арналған ағылшын тілі сабағы өтті. Бұл сабақта балалар жәрмеңкеге қатысу арқылы мамандықтардың ағылшын атауларымен таныса алды. Олар түрлі ашық алаңдағы ойындар ойнап, бір-біріне мамандықтар туралы жұмбақтар жасырды. Сонымен қатар, шығармашылық жұмыс жасап, өзінің сүйікті мамандығын бейнелейді, сондай-ақ мамандықтар туралы туындылар мен мультфильмдерді еске алады.

Read More

Халық даналығының айнасы

Балалар және жасөспірімдер кітабы апталығы аясында Зәки Ахметов атындағы № 16 мектептің 5 – сынып оқушыларына «Халық даналығының айнасы» атты ертегілік шеру ұсынылды. Ертегі кейіпкерлері балалармен қызықты ойындар ойнап, көңілді би биледі, жасырынған ертегі кейіпкерлерін тапты. Сондай-ақ, қатысушылар ертегіні рөлдерге бөліп оқып, актерлік шеберліктерін де көрсетті. Оқушылар өздеріне ұнаған ертегі кейіпкерлерін сипаттап, жағымды және жағымсыз…

Read More

Әкелер әңгімесі

Бүгін кітапханамызда «Әкелер әңгімесі» айдарында өз туған өлкесін әсем әніне қосып жүрген өнерпаз, Катонқарағай ауданының тумасы, өз тыңдарманын қалыптастырып үлгерген тамаша әнші, жерлесіміз Айдын Алдархан ұлдарымен қонақта болды.  Кездесуді кітапхана оқырмандары залдан офлайн және әлеуметтік желі арқылы онлайн тамашалап, қонағымызға өз сауалдарын қойды. Кездесу барысында қонаққа қызықты сұрақтар қойылып, әншінің балаларымен көңілді ойын ойналып, әсем…

Read More