Денсаулықтың кішкентай сырлары

22 қаңтар күні №49 жалпы білім беретін мектептің 3-сынып оқушыларына арналған «Денсаулықтың кішкентай сырлары» атты танымдық ойын-сауықтық іс-шара өтті. Іс-шара кітаптық жұлдызнама форматында ұйымдастырылып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды. Шара барысында 12 танымал қазақ халық ертегісінің кейіпкері қатысушыларға әртүрлі қызықты тапсырмалар ұсынды. Атап айтқанда, Ер Төстік спорттық жаттығулар орындауға шақырса, Алдар Көсе мақал-мәтелдердің жалғасын табуды, ал Күнекей қыз жеміс-жидектер арқылы дәрумендерді анықтауды тапсырды. Тапсырмаларды орындағаннан кейін балалар жұлдызнама сипаттамасы берілген карточкаларды алып, оның қай ертегі кейіпкеріне сәйкес келетінін анықтады.

Ойын барысында қатысушылар жеке бас гигиенасының маңызын, дұрыс тамақтану қағидаларын, спортпен шұғылданудың және күн тәртібін сақтаудың қажеттілігін меңгерді. Іс-шара соңында салауатты өмір салты әрбір адамның өз жауапкершілігіндегі емаңызды құндылық екені айқындалды.