Ефим Пермитиннің кітаптарына шолу

Кітапхана қызметкерлері жас оқырмандарға жерлес жазушы Ефим Пермитиннің кітаптарын таныстырып, қаламгердің көркем тіл бояуына, шығармаларының сюжеттік шиеленісі мен фабулалық құрылымына назар аударды. Сондай-ақ жазушының орталық шығармасы – “Алексей Рокотовтың өмірі” трилогиясы оқуға ұсынылды.