Ағылшын тілін сүйіп оқитын оқырмандарымыз “Play and learn English” үйірмесі шеңберіндегі кезекті сабаққа қатысты. Бүгін балалар шағын кітап көрмесіне қатысып, ағылшын тіліне аударылған қазақ жазушыларының кейбір шығармаларымен таныса алды, сондай-ақ қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев шығармаларының шағын үзінділерін және қазақ халық ертегілерін ағылшын тілінде оқи алды.