Немістің танымал жазушысы Вильгельм Гауфтың «Кішкентай Мук» ертегісі – қала балаларының мазағына айналған бақытсыз ергежейлі туралы оқиға. Ол тағдырдың тәлкегіне ұшырайды: ешқандай іске икемі болмайды, жастайынан жетім қалады, туыстарының зұлымдығын көреді. Бұл – адамды сырт келбетіне немесе қоғамда алатын орнына қарап бөлуге болмайтынын үйрететін мағыналы ертегі. Ертегінің сараңдықпен қызғаныштың алысқа апармайтынын, жақсылықтың жамандықты жеңетінін еске салар тағлымы балаларға сабақ болары сөзсіз.
Гауф В. Кішкентай Мук: ертегі / В. Гауф; [ауд. Т. Әукенова] . – Астана: Фолиант, 2024. – 32 б.: суретті