“KORISU QUIZ”

“KORISU QUIZ”

2021 жылдың 13 наурызы күні ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасы жылдың басы, жақсылықтың жаршысы, татулық пен берекенің белгісі болған амал мерекесіне орай өңірімізде әр салада қызмет істеп, білім алып жүрген жастар арасында санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып “KORISU QUIZ” атты интеллектуалды ойынын өткізді. Ойынға қаламызда және жақын аудандарда қызмет етіп жүрген 7 жас азаматтар мен азаматшалар қатысты. Олар Ұлан ауданы Жанұзақ ауылынан қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Серікжан Айланышұлы, Өскемен қалалық “Жұлдыз” өнер мектебінің оқытушысы, жас ақын Естай Жаңабай, Жас блогер, әлеуметтік желі белсендісі – Тілеужан Сайлауұлы, “Шәкәрім атындағы N1 орта мектебінің” қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Тойгүл Аманқызы, ШҚО сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей қорығының ғылыми қызметкері Жадыра Ілиясқызы, жас айтыскер ақын Гүлжан Ықыласқызы, С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың 2 курс студенті Мухамет Бақытбекұлы бастаған өнерлі әрі білімді қыз-жігіттер түрлі тақырыптардағы қызықты сұрақтарға жауап берді. Ойын арасында музыкалық-поэтикалық үзілістер болды. Әншілер әуелете ән салып, көркемсөз оқу шеберлері тамылжыта өлең оқыды. Шараға қатысушылар мен қонақтар ойынның жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, бұл шара алда да өтіп тұрса деген ұсыныстарын айтты.

 

Share

Пікір үстеу