Шығыста жанданған “Шығыс салбұрауыны” фестивалі дүбірлі түрде өтіп жатыр

Бүркітші қызымыз Айшолпан Нұрғайыпқызының шашбауын көтеріп біз де сол тойға көзайым болып кеп қалдық. Әлемнің 7 елінен келген қонақтар мен еліміздің бар өңірінен жиналған халықта есеп жоқ. Бүркіт, тазы, айтыс, асау үйрету сынды ұлттық дәстүрді дәріптейтін қан қыздырып, делебені қоздырар сайысқа нағыз саңылақтар жиылған. Өнер жұлдызы Нұрлан Абдуллин өз ән шашуымен келіпті. Шараның ашылу салтанатын…

Read More

«Кітаппен дос бол» дөңгелек үстел

Кітапхана қызметкерлері «Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі» КММ жатақханасы студенттеріне «Кітаппен дос бол» атты дөңгелек үстел өткізді. Аталмыш шара аясында жас ақындардың шығармалары ұсынылған «Жырласа жастар жырласын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қатысушылар ақындардың шығармашылығымен танысып, М. Мыса, Т.Толқынқызының өлеңге жазылған әндерін тыңдады, поэзияға деген қызығушылығын арттырды. Сонымен қатар ШҚМТУ 1 курс студенті Желдібаев Ерсін, 2 курс…

Read More

«Эко тренд» еріктілер форумы

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы еліміздің барлық аймағында жалғасын тауып, жалпыхалықтық эко-челленджге айналды. Бұл үрдісті кітапханамыз да жалғастыруда. Акция аясында «Эко тренд» атты еріктілер форумы өткізілді. Онда ШҚО бойынша экология департаментінің баспасөз маманы Мұсаханова Аружан Қаныбекқызы келіп өз баяндамасын оқыды. Белсенді студент, қаламыздағы өткізілген «Жасыл ел» жобасы бойынша С. Аманжолов атындағы ШҚУ белсенді студенті Данил…

Read More

“Менің кішкентай Отаным” ойын сағаты

Бүгін кітапхана қызметкерлері “Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі” КММ 4”В”-сынып оқушыларымен “Менің кішкентай Отаным” атты ойын сағатын өткізді. Шарада оқушылар өз Отандары жайлы сұрақтарға толық, мағыналы жауап беріп, ойларын айтты. “Мен елімнің азаматымын” ойыны арқылы қазақ халқының ұлттық құндылықтарымен танысса, “Жұмбақты тап!”, “Пазлды құрастыр” ойындарында зейіндерін арттырып, патриоттық сезімдерін қалыптастыруға ықпал етті.

Read More

Kahoot – онлайн оқыту платформасы

Қазіргі таңда оқушылармен кері байланыс жасаудың ең тиімді әдістерінің бірі Kahoot. Kahoot – білім беру үрдісінде мектеп пен жоғары оқу орнында пайдаланылатын ойынға негізделген онлайн оқыту платформасы. Платформа арқылы интерактивті сұрақтар мен тапсырмалар құрастыру, білім деңгейін бағалау және тіпті конкурс немесе викторина өткізу мүмкіндіктері бар. Кітапханада «Өрлеу» ҰЦПК АҚ «Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлеріне…

Read More

«Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек» психологиялық тренинг

Кітапханада «Өрлеу» ҰЦПК АҚ «Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» тыңдаушылары бастауыш сынып оқытушылары үшін «Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек» атты психологиялық тренинг өткізілді. Шара көңілді сәлемдесумен басталып, қызықты тапсырмалармен жалғасын тапты. Тренинг барысында қатысушылар адамгершілікке, іскерліктерін дамытуға, өз кәсібіне деген ынтасын, шығармашылық ізденісін, ой-қиялын арттыруға арналған бірнеше тапсырмаларды орындады. Атап…

Read More

«Сиқырлы бояулар» үйірмесі

«Сиқырлы бояулар» үйірмесінің қатысушылары “Ұстаздар күні” мерекесі қарсаңында өз ұстаздарына арнап түрлі суреттер салды. Бояулардың қыр-сырын жетік меңгерген жас суретшілер мұғалім образы мен жан дүниесін суреттеріне сыйғызып, қиялдарының ұшқырлығын таныта білді.

Read More

«Чудо детки» балаларды дамыту студиясы

Кітапханада «Чудо детки» балаларды дамыту студиясының кездесуі өтті. Аутизмі бар балалардың тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып әлеуметтік ортаға бейімделуіне ықпал ететін кешенді шаралар өткізіледі. Осындай кезекті шара барысында балаларға ұсынылып отырған әрбір тапсырмалар сенсорика, яғни баланың сезімталдығы мен ұсақ қол моторикасын дамытуға, логикалық ойлауды және де қозғалыстарды үйлестіруге, әр түрлі формаларды салыстыруға жақсы ықпал етеді. Яғни,…

Read More

“Кітапханадағы қымызхана” бағдарламасы

“Кітапханадағы қымызхана” бағдарламасының кезекті саны “Ұстаз-ұлтты құтқаратын ең ұлы тұлға!” деген атаумен Ұстаздар күніне арналды. Шарада жоғары оқу орындары, колледждер мен мектеп мұғалімдері қонақта болып, саналы тәрбие мен сапалы білім берудегі тәжірибелерімен бөлісті, мамандық таңдаудың өмірлік мәнін ашты. Кездесу мерекелік әнге ұласып, қызықты ойындармен жалғасты. Алтын уақыттарын бөліп келген ұстаздарға алғысымыз шексіз.

Read More