Тарихи сана ренессансы

Бүгін кітапханамызда   Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің оқытушысы, PhD докторы, қауымдастырылған профессор Балтабаева Наргиза Смаиловнаның қатысумен «ZOOM» платформасында  онлайн- дәріс өтті. Шараға кітапханашылар мен студенттер қатысып, «Тарихи сана ренессансы» тақырыбында пікір алмасты. Дәрісте Тәуелсіздік тұғырын биік ұстаған Қазақстан 30 жыл ішінде көптеген жетістіктерге қол жеткізгендігі баяндалды. Студенттер қазақ халқының мыңдаған жылғы тарихына көз жүгіртіп, ой…

Read More

Сурет үйірмесі

Сурет үйірмесінің кезекті басқосуында қатысушылар «Алтын балық» тақырыбында жұмыс жасап, шығармашылық қиялдарын бейнелеуге тырысты. Сонымен қатар балалар өз қалаулары бойынша еркін тақырыпта да суреттер салып, бояумен жұмыс істеу дағдыларын жетілдірді. Сабақ жылы атмосферада өтіп, әр бала өз жұмысын мақтанышпен таныстырды.

Read More

Кітапхана кеші – 2025 Балалар және жасөспірімдер кітаптары апталығының жарқын қорытындысы болды

Бұл жолы біз оқырмандармен бірге 2025 жылы мерейтойлары атап өтілетін сүйікті авторларының әдебиет әлеміне қызықты саяхат жасадық. Шара қонақтары жазушылар Татьяна Гринева және Бекарыс Энгельс барлық қатысушыларға құттықтау сөздерін айтып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Әдеби кейіпкерлердің шеруі қуаныш, жағымды эмоциялар тудырды. Одан кейін нағыз таңғажайыптар басталды! Ойындар, шеберлік сағаттары және жұмбақ шытырман оқиғаларға толы интерактивті орындар…

Read More

Жас кітапханашы – 2024: Жаңа мүмкіндіктер уақыты 3.0» жас кітапханашылардың іскерлік кездесуі

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 21 – 22 қараша күндері республикалық «Жас кітапханашы – 2024: Жаңа мүмкіндіктер уақыты 3.0» атты жас кітапханашылардың іскерлік кездесуі өтіп жатыр.

Read More

1 қазан – Халықаралық қарттар күні

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай кітапханамызда Тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосып, шаңырақтың шаттығын сақтап, бірлігін бекем етуге, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауға үлес қосып келе жатқан қазыналы қарттарымызға арнап «Өмір күзі жылы болғай» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Кітапхана басшысы Гүлмария Балташқызы кітапханамыздың ардагер қызметкерлері мен тұрақты оқырмандарына деген өз ізгі тілегін жеткізді. Шара барысында «Бәйтерек»…

Read More

Қазақ әдебиеті ағылшын тілінде/Kazakh literature in English

Ағылшын тілін сүйіп оқитын оқырмандарымыз “Play and learn English” үйірмесі шеңберіндегі кезекті сабаққа қатысты. Бүгін балалар шағын кітап көрмесіне қатысып, ағылшын тіліне аударылған қазақ жазушыларының кейбір шығармаларымен таныса алды, сондай-ақ қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев шығармаларының шағын үзінділерін және қазақ халық ертегілерін ағылшын тілінде оқи алды.  

Read More

«Ауғанның от жалыны» кездесу

Биыл Ауған жерінен Совет одағы әскерінің толықтай шығарылып, он жылдық соғыстың біткеніне – 35 жыл. Осы айтулы датаға орай кітапхана қызметкерлері №20 орта мектептің 6-сынып оқушыларына «Ауғанның от жалыны» атты кездесу  өткізді. Шара қонағы – Ауған соғысының ардагері Еділ Түгелбаевпен өткен кездесуде оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға толыққанды жауап алып, соғыстың сұмдық қасірет екеніне көз жеткізді….

Read More

Қазыналы керуен” кітапханалық десант

Кітап – баланың ең жақын досы. Ал кітапхана – ұрпақ тәрбиесінің талбесігі десек бекер айтпаймыз. Рухани кемелденудің көзі кітап оқуда жатыр. Көңілді шараға қатысқан алғыр оқушыларда саналарына білім нәрін сіңіріп, танданыстарын жасыра алмады. Бүгін кітапхана қызметкерлері Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінің 1 сынып оқушыларына арнап “Қазыналы керуен” атты кітапханалық десант өткізіп, оқырман ретінде қабылдады….

Read More

Менің өлкем

Зияткерлік ойынның кезекті кездесуінде оқырмандар «Не? Қайда? Қашан?» сұрақтары арқылы қала саябақтарына  виртуалды саяхат жасады. Қатысушылар саябақтардың тарихы, олардың өсімдіктері, жануарлар әлемі, демалыс аймақтары туралы қызықты мәліметтермен білімдерін жетілдірді. Әр кезеңде кездескен шытырман сұрақтарға жауап іздеу барысында қолда бар білімдерін толықтырса, келесі кезекте қиялдарына ерік беріп «Менің өлкем» тақырыбында туған жерлерін қылқаламмен бейнеледі. Ойын барысында…

Read More