Вангели С. Гугуцэнің басынан кешкендері: орыс тілінен ауд. Ф. Оңғарсынова. – Алматы: «Мазмұндама баспасы», 2023. – 60 б.: суретті
Молдаван жазушысы Спиридон Вангелидің бұл кітабында Гугуцэ деген кішкентай баланың басынан кешкен қызықты оқиғалары сөз болады. Гугуцэ – ешкімге ұқсамайтын үлкен жүректі балақай. Оның әрбір әрекеті әлемді сүюге үйретеді. Баланың жан тазалығы, шынайылығы оқырманды бірден баурап алады.
Ергеноғлы, М. Қағаз ұшақ: әңгімелер. / М. Ергеноғлы; [түрік тілінен ауд. А. Бекзатқызы]. – Астана : Фолиант, 2023. – 32 б. : сурет. : түрлі-түсті сурет
Кішкентай балақайлар арманын кімге айтады? Кітап шағын қалашықтың арманшыл адамдары бір жерге тоғысқан. Балалықтың тәтті естелігі болған қағаз ұшақ біреуіне шабыт сыйласа, екіншісіне балалық қиялын еске түсірді. Армандар орындала ма? Әрине, балақай, арманыңа және өзіңе сенсең, ол міндетті түрде орындалады.
Гөкдуман Н. А. Жұмбақ Гизем: хикаят. – Алматы: «Мазмұндама баспасы», 2023. – 164 б.: суретті
Түрік жазушысы Нехир Айдын Гөкдуман – бала жанының нәзік қылын дөп басар ерекше қолтаңбасы қалыптасқан суреткер. Қазақ оқырманына алғаш жол тартқан «Жұмбақ Гизем» атты туындысымен енді ғана танысқан кез келген бала Гиземнің басынан өткен хикаяларды қызыға оқитыны, сол оқиғалардың ішінде өзі де бірге жүргендей күй кешетіні анық. Бас кейіпкер Гизем – қиялы бай, арманшыл, білмекке…
Голдсмит Др. Майк Ғаламның сыры… және кеңістіктегі біздің орнымыз: ағылшын тілінен ауд. Ш. БагиеваӘлімжан. – Алматы: Steppe&Worid, 2023. – 96 б.
Ғалам қалай жаралған? Оның сыры мен құпиясы неде? Біздің ондағы орнымыз қандай? Ғаламның жасы нешеде? Осы және де өзге сұрақтарға жауап іздеп жүрген білімпаз балаларға арналған қып-қысқа кіріспе.
Гауф В. Кішкентай Мук: ертегі / В. Гауф; [ауд. Т. Әукенова] . – Астана: Фолиант, 2024. – 32 б.: суретті
Немістің танымал жазушысы Вильгельм Гауфтың «Кішкентай Мук» ертегісі – қала балаларының мазағына айналған бақытсыз ергежейлі туралы оқиға. Ол тағдырдың тәлкегіне ұшырайды: ешқандай іске икемі болмайды, жастайынан жетім қалады, туыстарының зұлымдығын көреді. Бұл – адамды сырт келбетіне немесе қоғамда алатын орнына қарап бөлуге болмайтынын үйрететін мағыналы ертегі. Ертегінің сараңдықпен қызғаныштың алысқа апармайтынын, жақсылықтың жамандықты жеңетінін еске…
Дулатұлы М. Оян, қазақ! Роман, өлең-жырлар, әңгімелер. – Алматы: «Самға» баспасы, 2023. – 256 б.
Міржақып Дулатұлы «Оян, қазақ!» деген ұранмен қазақ қоғамының ұлттық рухын оятқан ұлт зиялысы. Аз ғұмырын халқының білім алуына, тәуелсіз, еркін, азат болуына сарп етті. Олар ұлт үшін ештеңеден аянған жоқ. Ең бастысы, бір ұлтың тағдырын мойынына артып, Ұлы мақсат жолында жан аямады. Міржақып қазақ әдебиетінде ең бірінші болып көркем проза жанрында роман жазып шыққан автор….
Гөкчеер, Г. Маған олай қарама! / Г.Гөкчеер; [түрік тілінен ауд. А. Бекзатқызы]. – Астана: Фолиант, 2023. – 40 б.: суретті
Томпақ немесе арық, көзілдірік таққан немесе бетінде секпілі бар, тұйық немесе өте пысық… Басқалардың өзін қандай болса да, сол қалпында қабылдағанын қалайтын балалардың әлемге айтары бір: Маған олай қарама!
Голдсмит Др. Майк Энергияның сыры… және біздің әлемді қалыптастырудағы маңызы : ағылшын тілінен ауд. Б. Әлімжан. – Алматы: Steppe&Worid, 2023. – 96 б.
Энергия қайдан жаралады? Қайдан келеді? Қайдан барады? Онсыз әлем қандай болар еді? Осы және өзге сұрақтарға жауап іздеп жүрген білімпаз балаларға арналған қысқа мағлұмат берілген.
Диккенс Ч. Үміт құшағында: роман / Ч. Диккенс; ауд. Г. Исмағұлова. – Астана: Фолиант, 2023. – 488 б. – (Әлемдік классика)
Романның басты кейіпкері Филип Пиррип нағыз джентльмен болуға және қоғамда азаматтық көзқарасын қалыптастыруға ұмтылады. Ол сондай-ақ сүйіктісіне қол жеткізуді де армандайды. Бірақ уақыт өте қамқоршысынан алған қаржылай көмегі мен джентльмендер әлеміндегі дұшпандық пен мейірімсіздіктің бақытқа бастамайтынын түсінеді. Шым шытырық оқиғаларға толы романда жазушының өмірбаяндық сарыны байқалады.