Қаржы және экономика колледжінің студенттері сайтпен жұмыс жасауды белсенді түрде меңгеруде

Қаржы және экономика колледжінің студенттері сайтпен жұмыс жасауды белсенді түрде меңгеруде. Олар веб-платформалардың мүмкіндіктерін зерттеп, контентті басқару, ақпарат енгізу және дизайн элементтерімен жұмыс істеу сияқты дағдыларды жетілдіруде. Бұл тәжірибе олардың цифрлық сауаттылығын арттырып, болашақ кәсіби қызметтерінде қажет болатын маңызды дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.

Read More

«Білім еліне саяхат» танымдық іс-шара

Бүгін кітапханамызда Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінің 2-сынып оқушыларына «Білім еліне саяхат» атты танымдық іс-шара өткізілді. Саяхаттың алғашқы кезеңі – «Білім шамшырағы» атты бөлімінен басталды. Бұл бөлімде балалар өз білімдерін еске түсіріп, түрлі сұрақтарға жауап берді. Келесі кезеңде балалармен көңілді сергіту сәті ұйымдастырылды. Шараға арнайы ертегі кейіпкері қатысып, балалармен қызықты ойындар ойнап, ерекше тапсырмалар орындатты….

Read More

Canva-мен жұмыс жасауды үйренеміз!

Кітапханамызда студенттерге арналған Canva платформасында жұмыс істеу бойынша курс өткізілді. Қатысушылар дизайн жасаудың негіздерін меңгеріп, постер, презентация, логотип және әлеуметтік желілерге арналған визуалдар әзірлеуді үйренді.

Read More

Кітапханада Ұлттық кітап күні аясында ұйымдастырылған апталықтың бірінші күні оқушылар көне түркі жазбаларымен танысты

«Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ 6-сынып оқушыларымен өткізілген «Тас бетіндегі тарих» танымдық сағаты білімдерін жетілдіруге ықпал етті. Қатысушылар бейнежазбаны тамашалап, ежелгі дәуір ескерткіштерімен, тасқа қашалған жазулар мен суреттердің тарихи маңызымен танысты. Оқырмандар ежелгі түркі әліпбиін қолдана отырып, сөздерді, өз есімдерін жазды, постер қорғады. Шараның мақсаты – тарихи ескерткіштерді сақтау арқылы ата-бабаларымыздың дүниетанымы мен өмір салтын…

Read More

Сақ орталығы

Тарихи жады мықты, өзінің этникалық негізінің қайдан бастау алатынын білетін сұңғыла халық заман ағымы, қоғам бағыты қалай өзгерсе де ата-баба салтын, мәдениетін ұмытпақ емес. Бабалар жолымен жүру мүмкін болмай қалғанның өзінде арғы дәуірдің мәдени мұраларын заманға сай жаңартып, жаңғыртып отырады. Қазақ халқының арғы дәуірлердегі мәдениетін ұмытпай, ұлттық болмысын қалыптастырған құндылықтарды лайықты дәріптей білудің көрінісі ретінде…

Read More

«Менің бақытымның темірқазығы» кездесу

Көз жанарлары анық көрмеседе, қоғам өмірінен тысқары қалмай зағип жандардың басын бір жерге біріктіріп, «Көзімнің қарасы» мүгедектер қоғамдық бірлестігін құрып, бүгінгі күні көпшіліктің ықыласына бөленіп жүрген қос әнші кітапханамызда қонақта болып қайтты. Олар «Көзімнің қарасы» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің директоры Мұқашев Мағзат Насигазинович және директор орынбасары Абылкайырова Динара Мұратбекқызы. Кездесу шымылды жаратылысы бөлек қос әншінің «Таңғы…

Read More

«Богата осень вдохновением» шығармашылық сағат

Күз өз күшіне еніп, қаланы сары алтынға бөледі. Дәл осы сәтте біз оқырмандарымызды «Kitap Time» III жалпы республикалық кітап фестивалі аясында ұйымдастырылған «Богата осень вдохновением» атты шығармашылық сағатына шақырдық. Қатысушылар күз стилінде безендірілген кітап көрмесін тамашалап, күзге арналған суреттерді салды, өлеңдер, тілектер жазды. Ол жас оқырмандардың да, үлкендердің де назарын аударды. Шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында…

Read More

«Жол тәртібін білейік» танымдық-ойын викторинасы

Күнделікті өмірде бәріміз жол қозғалысының қатысушылары — жаяу жүргіншілер, жолаушылар, велосипедшілер болып табыламыз. Бүгін Коменданткадағы скверде «Жол тәртібін білейік» атты танымдық-ойын викторинасы өткізілді. Ол жол белгілері еліне саяхат түрінде ұйымдастырылды. Викторина бірнеше кезеңнен тұрды, әр кезеңде қатысушылар жол ережелерін жай ғана қайталап қоймай, оны ойын, қимыл-қозғалыс пен эмоция арқылы сезініп, іс жүзінде орындады. «Бағдаршам» деп…

Read More

«Ақын мен уақыт» көрмесі

Сәуір айындағы «Алғашқы беттерден…» айдарының кезекті саны Тарбағатай ауданының тумасы және құрметті азаматы, ақын Хамит Балшабековке арналды. «Ақын мен уақыт» атты көрмеге келген оқырмандар ақынның Шілікті орта мектебінде ұстаздық қызмет атқарғанын және мектеп саласында оның тек білім берумен ғана шектелмей, жастар арасында аудан деңгейінде ақындар айтысын ұйымдастырғаны жайлы білді. Сондай-ақ Хамит Балшабеков Алматы қаласында 1980…

Read More

«Жадында, жүрегінде, кітаптарда. В памяти, в сердце, в книгах» облыстық бір мезгілде дауыстап оқу акциясы

Бүгін кітапханада ұйымдастырылған «Жадында, жүрегінде, кітаптарда. В памяти, в сердце, в книгах» облыстық бір мезгілде дауыстап оқу акциясы Қасым Қайсеновтың қаһармандық жолына арналған шығармаларына арналды. Бұл шара партизан жауынгердің ерлігіне, оның елге деген адалдығы мен тарихтағы орнына құрмет көрсету мақсатында өткізілді. «С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ Жоғары колледж студенттері батырға арналған «Аға туралы…

Read More