Кітапханада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған «Әділдік, мейірімділік, мәдениет» атты панелдік пікір

Кітапханада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған «Әділдік, мейірімділік, мәдениет» атты панелдік пікір өтті. Шараның алғы сөзін кітапхана қызметкері Ернат Файзуллаев ашса, екінші болып іс шара қонағы С.Аманжолов атындағы «Экономика және құқық» факультетінің студенті, Өскемен пікірсайыс альянсының координаторы, пікірсайыстан 4 мәрте Республика жеңімпазы, спикер Жігер Сәрсенбаев сөз кезегін тізгіндеді. «Сыбайлас жемқорлық – өте үлкен қылмыс. Жасырын…

Read More

Кітапхана қызметкері Файзуллаев Ернат Нұржанұлы «ALTAI» телеарнасындағы Алтай таңы бағдарламасына сұқбат беріп қайтты

Кітапхана қызметкері Файзуллаев Ернат Нұржанұлы «ALTAI» телеарнасындағы Алтай таңы бағдарламасына сұқбат беріп қайтты. Онда кітапханаға оқырманды баулу да және оқырманмен кітапхана арасындағы тығыз байланысты жайында сөз қозғады.Сондай-ақ, кітап оқитын жастардың қазіргі талғамы қандай?- деген сауалдарға жауап берді.

Read More

«Хобби» Идеялар шоғыры

Ағылшын тіліндегі үйірмеде қатысушылар сүйікті хоббилері туралы айтып бастады, әркім спортқа және музыкаға деген қызығушылықтарымен бөлісті. Кейін олар хоббилердің атауларын ағылшын тіліндегі сипаттамаларымен сәйкестендіріп, сөздік қорларын кеңейтті. Келесі кезекте спорт пен өнердің қайсысы пайдалы екендігі туралы қызықты пікірталас өтті. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, дәлелдер келтірді. Қорытындысында, балалар “My crazy hobby adventure” (Менің керемет хобби саяхатым)…

Read More

Кітапхананың Өлкетану орталығында кітап көрмесінің тұсаукесері өтті

Кітапхананың Өлкетану орталығында белгілі журналист Шәкерхан Әзмұхамбетовтің бұрын 30 жылдан астам қызмет еткен «Рудный Алтай» газетінде жарияланған материалдарынан тұратын «Соколиная судьба» атты бірегей кітабы ұсынылған кітап көрмесінің тұсаукесері өтті. Кітап ең өзекті тақырыптар бойынша кең ауқымды мәселелерді қамтиды. Көрме танымал журналистің көптеген мақалаларымен таныстырады. Оқырмандар «Правда в наследство» мақалаларының аннотацияланған тізімінен қамтылған мәселелер ауқымы туралы…

Read More

80 жыл – бір адамның өмірі!

80 жыл – бір адамның өмірі! Міне, ең қанды, сұрапыл соғыс аяқталғаннан бері осыншама уақыт өтті. Кең байтақ Отанымыздың түкпір-түкпірінен ел қорғауға жауынгерлердің тұтас эшелондары аттанды. Бұл шағын кітап көрмесі майдан даласында ерлік көрсеткен жерлестеріміз туралы баяндайды. Әр кітапта естелік, қимас достарынан айрылу сәті, жеңістің тәтті дәмі бар. Баршаңызды Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестеріміздің ерлігін…

Read More

«Қазақстанда Жұмысшы мамандықтары жылына» арналған «Асқақ абырой иесі. Непридуманный герой» облыстық акциясы ЕРЕЖЕ     Жалпы ережелер 1.1. ШҚО мәдениет басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы» КММ, «Қазақстанда жұмысшы мамандықтар жылына» арналған «Непридуманный герой» облыстық акциясының (бұдан әрі – Акция) ұйымдастырушысы болып табылады (Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы). 1.2. Осы ереже Акцияны өткізудің мақсатын,…

Read More

14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні

Құрметті достар! Шығыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы 1 ақпаннан 28 ақпан аралығында өтетін «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясына қатысуға шақырады. Егер сіздің үй кітапханаңызда жақсы кітаптар бар және оларды басқалармен бөліскіңіз келсе, оларды біздің Космическая көшесі, 6/2 мекенжайындағы кітапханаға әкеліңіз. Сіздің кітаптарыңыз өз оқырманын тауып, оларды кітап әлемімен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді. Жақсылық жасауға…

Read More

«New Bala» күнделік-кітабының тұсаукесері

29 қаңтарда Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы 5-10 жастағы балаларға арналған «New Bala» күнделік-кітабының тұсаукесерін өткізді. Бұл күнделік жас пайдаланушыларға күнін жоспарлауды, дамуды, мақсат қоюды және оқу жоспарларын құруды үйренуге көмектеседі. Алғашқы сөз психолог Жазира Мұратбайқызына берілді, ол күнделік жүргізу балаларға мақтаныш сезімін тудыруға және өзіне деген сенімді нығайтуға көмектесетінін атады. «New Bala»…

Read More

«Дәстүр және мәдениет» этно-көрмесі

Бүгін кітапханамызда оқырмандарды қазақтың материалдық емес мәдени мұрасымен таныстыратын «Дәстүр және мәдениет» этно-көрмесі ашылды. Ашылу салтанатына балалар, олардың ата-аналары және ата-әжелері жиналды. Қазақы киіз үй ішінде өткен бұл шара ұлттық киіммен келген қонақтарға мерекелік көңіл күй сыйлады. Киіз үйде қатысушыларға арнап халқымыздың қонақжайлылығын көрсетіп, байлық пен берекенің белгісіне айналған дастарқан жайылды. Қатырма – ұмытылып бара…

Read More