«Чудо детки» балаларды дамыту студиясының кезекті кездесуі

«Чудо детки» балаларды дамыту студиясының кезекті кездесуі болды. Шара дәстүрлі түрде қатысушылармен сәлемдесумен басталып, түрлі жаттығулармен жалғасты. Балалар тыныс алуға, өз денесін бақылай білуге бағытталған «Заттарды беру», «Есту қабілеті» және «Шамдар» жаттығуларын орындады. Сонымен бірге көңілді музыканың сүйемелдеуімен өткен сергіту сәті жағымды ортаны құруға әсер етті. Бұл нейрожаттығулар баланың ми орталықтарын дамыту, мидың жұмысын жақсарту…

Read More

«Балалар әдебиетінің бәйтерегі» әдеби квест

Қазіргі жасөспірімдерді оқуға қалай қызықтыруға болады, оларды шығармалар жинағын қызыға парақтап, кітапхана сөрелерінен жаңа кітаптарды іздеуге қалай ынталандырамыз? Кейде нағыз тартымды интеллектуалдық сайыс ұйымдастыру жеткілікті-ақ! Осындай ерекше оқиға — «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби квест болды. Оның қатысушылары Қ. Нұрғалиев атындағы № 43 мектеп-лицейінің 7- сынып оқушылары. Квест қазақтың балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, биыл…

Read More

“Балалар әдебиеті – ең ұлы әдебиет”

Қайырлы күн, қымбатты оқырмандар! Бүгін ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасында шығысқазақстандық қаламгерлермен “Балалар әдебиеті – ең ұлы әдебиет” атты әдеби кездесу өтті. Кездесу барысында “Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылына” ұсыныстар айтылып, жоспарлар құрылды. Алдағы уақытта ай сайын бас қосып, жоспар бойынша қаламгерлермен бірлесіп жұмыс жасап, жаңалықтарымызбен бөлісіп отыратын боламыз! Іске сәт! #vkolibrary…

Read More

Кітапханада “Чудо детки” балаларды дамыту студиясының кезекті шарасы дәстүрлі жылы сәлемдесумен басталды. Балалар қарапайым ми мен денені қатар іске қосатын нейрожаттығуларды орындауға кірісті. “Макаронды теру”, “Суреттер”, “Сана да, соқ!” сияқты тапсырмалар балалардың зейінін шоғырландыруға, моторикасын дамытуға және эмоционалдық күйін тұрақтандыруға, саусақтардың икемділігі мен қозғалыс дәлдігін арттыруға ықпал етеді. Жұмыс барысында ерекше балалардың жеке дамуына кешенді…

Read More

«Оқитын қала балалары»

Жүздерінен нұр шашқан, көңілдері аппақ қардай таза, қылықтары тәтті біздің бүлдіршіндер үшін бүгін ерекше күн. ШҚ облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұжымы  «Қазақстандағы Балалар жылы» аясында қолға алынған жобалар мен үйірме жұмыстарының және ең үздік  оқырмандардың жыл бойында көрсеткен жетістіктерін қортындылау мақсатында   «Оқитын қала балалары. Город читающих детей» атты республикалық кітап фестивалін ұйымдастырды. Кітап фестиваліне …

Read More

«Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік зұлымдық» кітап көрмесі

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Қоғамға зор қауіп төндіріп, орасан зор кесел келтіретін осындай келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар ұйымдастырылуда. Осыған орай кітапхана қызметкерлері «Kitap style» жастар студиясында «Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік зұлымдық» кітап көрмесін ұсынды. Аталмыш шара барысында оқырмандар өз ойларын ортаға салды.

Read More

Алматы –Тәуелсіздіктің алтын бесігі

Алматы қаласының әкімшілігі және Алматы қалалық Мәдениет басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған «Алматы –Тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты республикалық форумның екінші күні сәтті жалғасуда. Форумда ҚР Мәдениет және Спорт министрлігі жанындағы кітапхана ісі жөніндегі көркемдік кеңестің «Кітапхана және оқырман: ынтымақтастықтың жаңа жолдары» тақырыбындағы отырыс болып өтті. Көркемдік кеңесте ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының директоры Қойтанов Әділ Қаженбайұлы кітапханашыларды…

Read More

«Мен оқыған әңгіме» әдеби вернисаж

Кітапхананың бүгінгі оқырмандары «Мен оқыған әңгіме» атты әдеби вернисажға қатысып, жерлесіміз Рүстемова Маликаның «Күн мен саяхатшы» әңгімесімен танысты. Шара барысында «Аялдама» әдісін қолдана отырып әңгіме мазмұнын игерсе, «Сөйлейтін суреттер» тапсырмасы арқылы мәтінге талдау жасады. «Қимылда қырағы бол!» тапсырмасында әңгімедегі кейіпкерлерге мінездеме берді. Әңгіменің негізгі идеясы бақыт, сенім, үміт туралы кластер жасап қорғады, өз пікірлерін білдірді.

Read More

Белгілі суретші, кәсіби графикалық дизайнер және иллюстратор – Дәурен Тасболатовпен кездесу

Бүгін кітапханада қонақта – белгілі суретші, кәсіби графикалық дизайнер және иллюстратор – Дәурен Тасболатов болды. Оның жұмыстары қазақстандықтардың жеке коллекцияларында және халықаралық көрме алаңдарында қойылған. Кездесу барысында суретші шығармашылық жолының қалай басталғандығын, сурет салуға деген құштарлық оның бала кезгі арманы екенін айта келе, қазіргі таңда ол қазақ халқының тарихына арналған суреттерді салып жүргенін және ол…

Read More