«Бір ел – бір кітап» 2025

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! «Бір ел – бір кітап — 2025» республикалық акциясы бойынша ел болып оқитын кітапты таңдау барысында қазақ әдебиетінің поэзия және проза жанрынан екі авторды оқуға шешім қабылдады:  – Проза жанры бойынша ұлтымыздың көрнекті жазушысы, ақын, сыншы, аудармашы, суреткер Тәкен Әлімқұловтың шығармаларын оқу ұсынылды;  – Поэзия жанры бойынша мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті ақын, биыл…

Read More

Жыл мезгілдері

Бүгін кітапхана қызметкерлері ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№10 мектеп-гимназиясы» КММ-де болып, 2 сынып оқушыларына арнап «Жыл мезгілдері» тақырыбында іс-шара өткізді. Шара барысында кішкентай оқырмандар көктем, жаз, күз, қыс мезгілдеріне бөлініп, топтық сайысқа түсті. Берілген тапсырмаларды белсене орындап, ән айтып, би билеп, викториналық сұрақтарға шапшаңдықпен жауап берді. Әр айналым сайын өз жылдамдығымен…

Read More

«Чудо детки» балаларды дамыту студиясы

Кітапханада «Чудо детки» балаларды дамыту студиясының кезекті шарасы өтті. Бүлдіршіндермен көңілді сәлемдесуден басталған шара бірнеше нейрожаттығу тапсырмаларын орындаумен жалғасын тапты. Шара барысында «Дидактикалық ойын», «Тыныс алу», «Текшемен ойын», «Киндер» тапсырмалары орындалды. Мұндағы мақсатым- балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, жағымды көңіл-күйлерін қамтамасыз ету, баланың тыныс алуын жаттықтыру. Қатысушылармен бірге орындалған сергіту сәті көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Read More

Әкелер әңгімесі

Бүгін кітапханамызда «Әкелер әңгімесі» айдарында өз туған өлкесін әсем әніне қосып жүрген өнерпаз, Катонқарағай ауданының тумасы, өз тыңдарманын қалыптастырып үлгерген тамаша әнші, жерлесіміз Айдын Алдархан ұлдарымен қонақта болды.  Кездесуді кітапхана оқырмандары залдан офлайн және әлеуметтік желі арқылы онлайн тамашалап, қонағымызға өз сауалдарын қойды. Кездесу барысында қонаққа қызықты сұрақтар қойылып, әншінің балаларымен көңілді ойын ойналып, әсем…

Read More

«Оқушылардың оқырмандық құзіреттілігін қалыптастыру» семинар практикум

Кітапханада «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тыңдаушылары мектеп кітапханашылары үшін «Оқушылардың оқырмандық құзіреттілігін қалыптастыру» атты семинар практикум өткізілді. Дәстүрлі сергіту сәтінен басталған семинар жұмысы  «Kahoot» дидактикалық ойын және тестілеуді жасау Web викториналық платформасымен танысумен жалғасын тапты. Сонымен қатар қатысушылар сапалы құлаққаптардың көмегімен Т.Ахтановтың…

Read More

«Мейірімді шырша» қайырымдылық акциясы

Ескі Жаңа жыл қарсаңында «Мейірімді шырша» қайырымдылық акциясы аясында кітапхана қызметкерлері Солнечный кентіндегі Өскемен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының аға буынын құттықтап шықты. Орталықта «Әуенді тап», «Кинофильмдерден дәйексөздер», «Әнді еске түсір», «Ән батл» байқаулары мен викториналарына толы «Ретро FM» музыкалық бағдарламасы орын алды. Іс-шараға қатыса отырып, қарттар өздерінің жастық шақтарының жарқын әдемі кезеңдеріне қайта шомылып,…

Read More

«Сказки из пластилина» шеберлік сағаты

Балалар және жасөспірімдер кітаптары апталығының үшінші күні кітапхана оқырмандары үшін «Креативный Арт» студиясының оқытушысы Анна Андреевна Чехонандская өткізген шығармашылық шеберлік сағатымен басталды. Балалар оқытушының ұсыныстарын орындай отырып сүйікті ертегі кейіпкерлерін дайындады.

Read More

21 мамыр – Мәдениет қызметкерлерінің кәсіби мерекесі

21 мамыр – Мәдениет қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері өңіріміздің мәдениет саласының дамуына қосқан үлесі үшін Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы Н.Қ. Ахметжановтың атынан Алғыс хаттармен марапатталды.

Read More

«Алғашқы беттерден…»

Қараша айындағы «Алғашқы беттерден…» кітап мейнстримі майдангер жазушы, «махаббат маршалы» атанған Әзілхан Нұршайықовқа арналды. «Күміс сөзден алтын зер соққан» атты кітап көрмесіне келушілер қаламгердің шығармасы «Ақиқат пен аңыздың» жазылу тарихы туралы, Әзілхан Нұршайықовтың тік мінезді, айбарлы Бауыржан Момышұлының тілін қалай тапқаны, шығарма жазу барысында болған қызықты жайларды білді. Сондай-ақ Әзағаңның жан жары Халимаға арнаған «Мәңгілік…

Read More