«Ұлы түркітанушы мұрасы» атты облыстық өлкетану конференциясы

Шығыс қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында лингвист – ғалым, түркітанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Алтай Сәрсенұлы Аманжоловтың туғанына 90 жыл толуына орай «Ұлы түркітанушы мұрасы» атты облыстық өлкетану конференциясы өткізілді. Конференция тақырыбы оқырмандардың назарын А.С. Аманжолов тұлғасының жан-жақтылығына аударуға, ғалымдардың, профессорлардың, қоғам қайраткерлерінің оның іргелі еңбектеріндегі ғылыми көзқарастарымен танысуға мүмкіндік берді. Конференция спикері –…

Read More

«Көрісу күні»

Қайырлы күн, қымбатты оқырман! Жаңа жылдың жаршысы – “Көрісу күні” құтты болсын! Мереке қарсаңында кітапханамыз “Шәкәрім атындағы 1-ші орта мектебінің” 6-7 сынып оқушыларына “Амал келді, жыл келді” тақырыбында zoom платформасы арқылы онлайн баяндама жасады. Баяндама Көрісу күнінің шығу тарихы, қазақ тұрмысындағы бүгінгі орны, мәні мен мағынасы туралы және қазақ халқының ұлттық ойындары мен ұлттық тағамдары,…

Read More

«Кітапхана – білімпаздар мекені» практикалық сабақ

Кітапхана қызметкерлері бастауыш сынып мұғалімдерімен «Кітапхана – білімпаздар мекені» атты практикалық сабақ ұйымдастырды. Онда ұстаздарға өлкетану жазушыларының шығармаларын сабақта қолдану тәсілдері ұсынылды. Мұғалімдер «Лэпбук» технологиясымен танысып, Ш.Елеукеновтің «Мұратжанның қазақшасы», Д.Әшімханұлының «Күшік», С.Құсанбаевтың «Көршілер», Н.Ақыштың «Бұл баладан ештеңе шықпайды», А.Алтайдың «Сарытау серісі» әңгімелері бойынша Лэпбук жасап, қорғады. Әр топ өздеріне берілген шығарманың бала тәрбиесіндегі құндылығы жайлы…

Read More

Bastau. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

«Bastau» қазақ тілін үйренушілерге арналған  үйірменің кезекті сабағы  1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналды.  Оқушыларға достығы жарасқан түрлі ұлт өкілдерінің алтын бесігіне айналған кең байтақ еліміз туралы ақпараттар берілді. Сонымен қатар сөздік қорларын арттыру мақсатында әр ұлтқа қатысты заттардың атауын атап, ұлттық ойындар ойналды. Балалар «достық», «бірлік», «бейбітшілік» сөздері бойынша қысқаша әңгіме құрастырып,…

Read More

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе

10 тамызда Қазақстан және күллі түркітілдес әлем қазақ халқының ұлы перзенті, ақын, ағартушы, композитор, қоғам қайраткері Абай Құнанбаевтың туған күнін тойлайды. Абайдың шығармашылық мұрасы – қазақ халқының келешек ұрпақ үшін мәңгілік маңызы бар рухани байлығы. Бүгінде ұлы ақынның шығармашылығы Қазақстаннан тысқары жерлерде де танымал, оның шығармаларын оқитындар саны өте көп. Ақынның туындылары басқа ақындарды және…

Read More

Ілия Кәрімқызымен кездесу

Адамзаттың алтын бесігі – Алтайда туып, атажұртында түлеген ақын Ілия Кәрімқызымен кітапханамызда келелі кездесу өтті. Ақын кеш барысында сағыныш исі бұрқыраған сырлы өлеңдерінің өзегіне айналған туған жері, өскен ортасы, балалық шағы жайлы толғана әңгімеледі. Кештің қадірлі қонағы ҚР Жазушылар одағының ШҚО филиалының төрағасы Қаңтарбаев Әлібек Қалиұлы бастаған өлкеміздегі әдебиет майталмандары кеш иесінің шығармашылық әлемі жайлы…

Read More

«Балалар әдебиетінің бәйтерегі» кітап көрмесі

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында оқырмандардың назарына балалар жазушысы, қоғам қайраткері Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты кітап көрмесі ұсынылды. Қатысушылар жазушының өмірімен және шығармшылығымен танысты. Сондай-ақ жазушының балаларға арналған әңгімелері мен повестері туралы қысқаша ақпараттар берілді. Атап айтсақ «Ергежейлі еліне саяхат», «Жекпе – жек», «Аяжан», «Менің атым Қожа», «Балалық…

Read More

“Curious kids” сенбілік үйірмесінің тақырыбы «Present Simple»

“Curious kids” сенбілік үйірмесінің кезекті сабағында балалар can/can’t модальды етістіктеріне жаңадан үйренген қабілетті білдіретін сөздермен сөйлем құрап үйренді және оқырмандардың сөздік қорына қосылған жаңа сөздерді қалай меңгергенін тексеру мақсатында өткен “Where is my mobile phone?” тақырыбындағы сөздерді суреттер арқылы тауып жазды. Түскі топ «Present Simple» шағында хабарлы, сұраулы және болымсыз сөйлемдер қалай құралатынымен танысып, әртүрлі…

Read More