Большая маленькая книжка

Сіз кез-келген жаста жазушы және суретші бола аласыз! Мұны «Ёжиство-Художество» шығармашылық мектебінің 5-12 жас аралығындағы жас талантты балалары «Большая маленькая книжка» атты жаңа кітаптарының тұсаукесерін өткізу арқылы тағы да дәлелдеді. Шығармашылық мектебінің басшысы Елена Липилина шығармашылық студия құру идеясы туралы айтып, жас таланттармен және олардың туындыларымен таныстырды. Балалар өздерінің алғашқы кітаптары туралы, сюжет идеясы оларға…

Read More

Жазғы лагерь

Жасыл желекті жаз мезгілін балдырғандар асыға күтеді. Оқушылардыңжазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында кітапханамызда жазғы лагерь өз жұмысын бастады. Жазғы лагердің алғашқы күні балалар ұйымшылдықтарын көрсетіп «біріміз – бәріміз үшін», деп топтық сайыстарда белсенділік танытып, қазақтың ұлттық ойыны «Арқан тартыс», «Асық ату», «Қызыл ту», «Ақсерек-көксерек» ойындарын ойнап, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Сондай-ақ шапшаңдық пен ептіліктерін талап…

Read More

Кітап мейнстримі

Маусым айындағы «кітап мейнстримі» зайсандық ақын және журналистер Павел Васильев пен  Ғалым Байбатыровқа арналды. Олардың шығармалары оқырманға бұрыннан белгілі: Ғ. Байбатыровтың «Арман дүние», «Достар дауысы», «Шежірелі Шығыс өңірі», «О дүниенің табалдырығы», «Жүрегімнің жанары» тб болса, ал Павел Васильевтің «Раненая песня», «Верю в неслыханное счастье», «Стихотворения и поэмы», «Лирика» кітаптары. Көрмеге келген оқырмандар жерлес ақындарымыздың өмірі…

Read More

Сабантой 2023

Жайдарлы жаз келді, достар! Кітапхана қызметкерлері балалардың оқу жылының аяқталуына орай жазғы демалыстарын сәтті өткізуге тілектестік білдіріп, көңілдерін көтеру мақсатында «Сабантой – 2023» мерекелік шарасын өткізді. Шара барысында бүлдіршіндер көңілді паровозбен ғажайып бекеттерге саяхат жасап, түрлі қызықтарға кенелді. «Кітаппен өткен жаз қызық!» бекетінде оқушылар жазғы демалыста оқуға ұсынылатын кітап көрмесімен танысып, «Тапқыр балақан»,«Жұлдызды сәт!» ойындарын…

Read More

Көңілді паровоз

Бала – өмірдің гүлі. Бүгінгі бала – еліміздің болашағы, ұлтымыздың жалғасы. Бал қылықты бүлдіршіндердің күні құтты болсын! Бүгінгі қуанышты мереке аясында кітапхана қызметкерлері кішкентай оқырмандар үшін «Көңілді паровоз»  атты мерекелік шара ұйымдастырды. Шара барысында күлдіргі Мейрампаздар бүлдіршіндермен бірге «Денсаулық» бекетіне саяхат жасап, «Менің досым!», «Ойна, Ойла!», «Алақай, балақай!» атты қызықты ойындарын ойнап, түрлі сұрақтарға жауап беріп,…

Read More

Ақыл көркі – тіл, тілдің көркі – сөз

Тілде тұтас ұрпақтың тағылымды тарихы, бекзат болмысы, әдет-ғұрпы, әуені бар. Кітапхана қызметкерлері мемлекеттік тілдің маңызы мен мәртебесін арттыру, рухани мұрамызды насихаттау мақсатында Шығыс Өңірлік қолбасшылығының 5518 әскери бөлімінің сарбаздарына және Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Негізі орта мектеп-интернаты» КММ оқушыларына «Ақыл көркі – тіл, тілдің көркі – сөз» атты шара ұйымдастырды. Шара кітапхана қызметкері, айтыскер…

Read More

Жергілікті туризм

Өлкенің тарихы – сол өлкеде ғұмыр кешіп жатқан әрбір адамның білуге міндетті дүниесі. Әр өңірдің өзіне ғана тән ерекшеліктері, бояу-болмысы, табиғат ғажайыптары, тұлғалары, шежіре тарихы болатыны хақ. Өлкенің арғы-бергі тарихын, оның тұлғаларын қала мектептерінің оқушыларына, Өскемен қаласының жастарына таныту, дәріптеу – кітапханашылардың басты міндеттерінің бірі. Осы орайда кітапхана қызметкерлері «Құмаш Нұрғалиев атындағы №43 орта мектебі»…

Read More

Білім данасы – БАСТАУЫШ!

Жүздерінен нұр шашқан, қылықтары тәтті біздің бүлдіршіндер үшін ерекше күн. Бүгін кітапхана төрінде күні кеше білім баспалдағына алғаш рет қадам басқан кішкентай оқырмандарымыз үшін «Білім данасы-Бастауыш!» атты мектепалды даярлық тобының тілашар мерекесі ұйымдастырылды. Мереке барысында сүйкімді оқушылар Пырақ ханшайымымен ертегілер әлеміне саяхат жасап, сиқырлы ормандағы Саңыраңқұлақ бикешпен бірге түрлі қызықты тапсырмалар орындады. «Сөздер құрайық!,»,«Сөз ойла,…

Read More