“Поэтикалық дуэль” кеші
2025 жылдың қаңтар айында құрылған @jauhar_art әдеби-сазды клубы қазір жаңа форматқа, тың жобаға айналды. 15 қараша күні шығыс өңірінде бұрын-соңды болмаған “Поэтикалық дуэль” кешінде Өскемен қаласында оқитын 10 студент ақын қатысып, өздері туып-өскен Шымкент, Түркістан, Талдықорған, Семей, Өскемен қалаларының және Тарбағатай, Зайсан, Күршім, Глубокое аудандарының намысын қорғады. Ән шырқалып, күй тартылып, көркемсөз шеберлері монолог оқыған,…