Мәдениет саласының үздігі, айтыскер ақын Серік Қуанғанұлымен танымдық-тағылымдық, әдеби-сазды кездесу кеші өтті

Бүгін кітапхана төрінде “Халықаралық жыршы-термешілер одағынының” ШҚО филиалы директоры, Мәдениет саласының үздігі, айтыскер ақын Серік Қуанғанұлымен танымдық-тағылымдық, әдеби-сазды кездесу кеші өтті. Екі сағатқа созылған шара барысында көрермендер С.Қуанғанның өмірі мен өнері жайлы арнайы дайындалған бейнеролик тамашалап, сұрақ-жауапқа құрылған сұхбатқа құлақ түрді.Әрмен қарай кейіпкердің және келген құрметті қонақтардың қатысуымен “Асық ату”,” Шарды дәл түсір” ойындары ойналды….

Read More

Жігітке жеті өнерде аз

Балалар және жасөспірімдер кітап апталығы аясында сыршыл жырды жандарына серік еткен, ақын Дәулетберді Жекейұлы, жазушы Әділ Әуезхан және айтыскер ақын Аян Қалымбек кітапхана оқырмандарымен жүздесіп, арқа-жарқа боп қалды. Сөзден бұрын сәлем демекші келелі кездесу кеші ерекше форматтағы сәлемдесумен басталып, әрі қалай сүбелі сұхбатқа ұласты. Шығармашылық кездесу барысында Дәулетберді Жекейұлы оқырмандарға жырдан шашу шашса, прозаның тұп-тынық…

Read More

Керім-ай

Бүгін “Керім-ай” би тобының бүлдіршіндері ертегілер әлеміне саяхат жасап, “Disney кітап әлемінде” атты коллаж форматындағы мерекелік шараға қатысты. Шара барысында бишілер кітапхана қорындағы қазақ ертегі кітаптарымен таныса отырып, «Ақ қоян» ойынын ойнап, әннің ырғағымен қол ұстасып дөңгелене мың бұрала би биледі. Кішкентай және орта топ бишілері “Күлше қыз”, ” Түйме қыз”, “Мұзды өлке” ертегілерінен үзінді…

Read More

Балалар және жасөспірімдер кітап апталығының ашылуы

Бүгін көктемнің жайма шуақ күнінде кітапхана төрінде  балдай тәтті балдырғандар мерекелік шараға қатысып, қуанышқа кенеліп қайтты. Мерекелік думан балалар және жасөспірімдер кітап апталығының ашылуымен басталды. Шаттыққа бөленген бүлдіршіндер ертегі кейіпкерлерімен бірге ойнап, бірге билеп, тапқырлықтарымен білімдерін ортаға салды.  Шара шымылдығы әсем әнмен ашылып, кітапханашының қызықты тапсырмаларына ұласты. Алғырлығымен көпшілікті тәнті еткен Всезнайка, ұтқырлығымен ойлы  сауалдарын…

Read More

Құбыладан туған құйрықты жұлдыз

Бүгін кітапхана қызметкерлері қала мектептерінің 7 сынып оқушыларына арнайы маңғыстаулық өлкетанушы, географ, публицист, этнограф-ғалым Серік Қондыбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Құбыладан туған құйрықты жұлдыз» атты панорама өткізді. Шара барысында тұлғаның мұралары, ғылыми еңбектері жайлы мағұлматтар беріліп, қатысушылар «Таным», «Тарих», «Тағылым» ұяшықтарындағы тапсырмаларды орындап, берілген ақпараттар арқылы «Серікбол Қондыбай кім?» деген сұрақтың толық жауабын алды. «Ғажайып…

Read More

Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.

Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі. Айтулы күн аясында кітапхана қызметкерлері орталық алаңда қала тұрғындарымен бірге мерекені қарсы алып, ұлттық ойындар ойнап, ақ жарма тілектерін тыңдап қайтты. Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт – береке әкелсін!

Read More

«Жарқыра, жайна Наурызым!» / «Nauryz – the Great Day of the Nation»

Ұлысытың Ұлы күні қарсаңында 20-шы наурыз «Даналық пен білім» күні болып аталып өтті. Бұл мереке қайдан пайда болды, ол нені білдіреді және неге дәл осы күні тойланады? Осы және басқа да сұрақтарға оқырмандар «Жарқыра, жайна Наурызым!» «Nauryz – the Great Day of the Nation» тақырыбындағы зияткерлік ойынында жауап таба алды. “Не? Қайда? Қашан?” ойынында балалар…

Read More

Алтай таңы

Бүгін, қасиетті де қастерлі «Әз-Наурыз» мейрамының қарсаңында кітапхана қызметкерлері «Алтай» арнасының «Алтай таңы» атты таңғы бағдарламасында қонақ болып қайтты. Бағдарлама тілшілері тікелей эфирге келген қонақтарға кітапхананың тыныс-тіршілігі, атқарылып жатқан мерекелік іс-шаралары, кітапханашылар Наурыз мейрамын қалай қарсы алатыны туралы сұрақтар қойып, Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Шығыс өңірінің басты арнасы болып саналатын «Алтайдың» көрермендерін таңғы ұйқыдан оятып,…

Read More

Super келін – 2023

Қазақ әуелден «Келіні жақсының керегесі алтын» деп босағадан аттаған жас келіннің тәрбиесі мен көрген-түйгеніне мән берген. Ғасырлардан келе жатқан осы үрдіс бүгін де өз маңыздылығын жойған жоқ. Оған «Дәстүр мен ғұрып»  арнаулы жобасының аясында өткен «Super келін»  атты сайыс тағы бір рет дәлел болды. Сайыста; «Мен келінімін қазақтың» (таныстыру , қай руға келін болып барғаны,…

Read More