“Тарихы терең” тағылым сағаты

Кітапханамызда ҚР Тәуелсіздік мерекесін кішкентай оқырмандарымыз “Тарихы терең” тағылым сағатында атап өтті. Шара барысында мерекелік әндер шырқап, жатқа тақпақтар оқыды. Тәуелсіз еліміз туралы өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, ойларын ортаға салды.

Read More

«Сөз мергені» үйірмесіне қатысушылар саны біртіндеп артып келеді.

Үйірме әр аптаның демалыс күндері өткізілетіндіктен, бос уақытын тиімді өткізгісі келетін, білімін жетілдіріп, кітап оқуға жаны құштар бүлдіршіндер бір ортада бас қосады. Олармен сабақ барысында түрлі дидактикалық ойындар ойнау, тілдік жаттығулар жасау, сабақта өткен тақырыпты қайталау, мазмұндау, көшіріп жазу, диктант жазу, минуттық оқу, буынға бөліп оқу сияқты жекелей және жұптық жұмыстар жүргізіледі.

Read More

«Тәуелсіздік тарихы» қазақша куиз ұйымдастырылды

ҚР Тәуелсіздігі күніне орай колледж студенттері арасырда «Тәуелсіздік тарихы» атты қазақша куиз ұйымдастырылды. Жас ұрпаққа тәуелсіздіктің маңызы мен еліміздің тарихын кеңінен таныту мақсатында ұйымдастырылған шарада студенттер өз білімдерін сынап, көптеген қызықты сұрақтарға жауап берді. Куиз 5 турдан, әр турда 7 сұрақтан болды. Әр турда қатысушылар әртүрлі салалар бойынша білімдерін тексеріп, тәуелсіздік жолындағы еліміздің жетістіктерін кеңінен…

Read More

«Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы» интерактивті кітап көрмесі

Тәуелсіздік – ол біздің ең басты құндылығымыз. Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата – бабаларымыздың ерлігін паш ету, өскелең ұрпаққа желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға – апаларымыздың ерлігін үлгі етіп көрсету біздің басты міндетіміз. Кітапханада Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы» атты интерактивті кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрмеге мемлекетіміздің қалыптасу кезеңдері, егемендік тарихындағы маңызды сәттерді баяндайтын…

Read More

«Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік зұлымдық» кітап көрмесі

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Қоғамға зор қауіп төндіріп, орасан зор кесел келтіретін осындай келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар ұйымдастырылуда. Осыған орай кітапхана қызметкерлері «Kitap style» жастар студиясында «Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік зұлымдық» кітап көрмесін ұсынды. Аталмыш шара барысында оқырмандар өз ойларын ортаға салды.

Read More

«Тәуелсіздік – орындалған арман» тарихи калейдоскоп

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай кітапханада Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінің оқушыларымен «Тәуелсіздік – орындалған арман» атты тарихи калейдоскоп ұйымдастырылды. Шара еліміздің әнұранымен басталып, бейнеролик көрсетіліп тарихқа шолу жасалды. Қатысушылар «тәуелсіздік» ұғымын ашу мақсатындағы сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салды. «Таным», «Суреттер не дейді?», «Ой жүйрік», «Ой толғау» тапсырмаларын топпен орындады. Сонымен қатар,…

Read More

Ағылшын тілі бойынша қысқы ертегілер тақырыбында өткен үйірмеде қатысушылар танымал ертегілерді, соның ішінде “Қар ханшайымы” ертегісін еске алды.

 Балалар ағылшын тілінде әртүрлі тапсырмаларды орындады: ертегінің атауын мұз бөлшектерінен құрастырды, ертегі бойынша сұрақтарға жауап берді, ал оларды Сантаның шұлығынан тапты, сондай-ақ ойын барысында қатысушылардың бірі Қар ханшайымы рөлінде ағылшын тіліндегі сөздерді жасырып, қалғандары олардың дұрыс аудармасын табуға тырысты. Ертегі кейіпкерлерінің әртүрлі эмоцияларын (ашу, қуаныш, қайғы) білдіру үшін балалар қар жапырақтарын алып, ертегіден үзінді оқи…

Read More

С.Керімбайдың «Қаныш және ғылым майданы» кітабының таныстырылымы

9 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ мәжіліс залында С.Керімбайдың «Қаныш және ғылым майданы» кітабының таныстырылымын өткізді. Университет фойесінде қонақтарды «Алтай» фольклорлық ансамблінің музыканттары қарсы алды, «Ән-салдар» тобының музыкалық нөмірлері орындалды. Барлық тілек білдірушілер «Ғылым және білім ел дамуының негізі» кітап көрмесімен танысуға мүмкіндік алды. Санжар Керімбай Қ.Сәтбаевтың белгілі бір…

Read More

2024 жылдың 9 желтоқсан күні «Отбасы хрестоматиясы» жобасының авторы, шығыстанушы, ағартушы Санжар Керімбай Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында қонақта болды

Халқымыздың тарихы мен танымының тамыршысы болған қаламгер Санжар Керімбайдың рухани сапары Өскемен қаласында жалғасын тапты. 2024 жылдың 9 желтоқсан күні «Отбасы хрестоматиясы» жобасының авторы, шығыстанушы, ағартушы Санжар Керімбай Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында қонақта болды. Жаңалықтың жаршысы, сүбелі кездесулердің орталығына айналған киелі орда жазушыны қазіргі кітапхананың тыныс тіршілігімен таныстырды. Кітапхана қызметкерлері және жастар…

Read More