21 мамыр – Мәдениет қызметкерлерінің кәсіби мерекесі
21 мамыр – Мәдениет қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері өңіріміздің мәдениет саласының дамуына қосқан үлесі үшін Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы Н.Қ. Ахметжановтың атынан Алғыс хаттармен марапатталды.
Отбасы бақыт бастауы
Татулықты ту етіп, шаңырақтағы ырыс пен ынтымақты еселеу жолында сіз-біз десіп, сыйластықта өмір сүріп келе жатқан жас отбасылар аз емес. Солардың бірі –Ахметқалиевтар жанұясы. “Отбасы бақыт бастауы” атты шарада жастарға үлгі бола білетін танымал асаба, шоумен Әнуар мен әлеуметтік желіде өте белсенді блогер жұбайы Сара Нуржанқызы өздерінің отбасы құндылығы туралы айтып, жетістіктерімен бөлісті. Еркін форматта…
Сүйікті кітаптардың кейіпкерлері/Heroes of favorite books
Үйірме шеңберіндегі іс-шарада біздің оқырмандар өздерінің сүйікті ертегі кейіпкерлерін еске алды. Ал қызықты «Guess the book»(Кітапты тап) викторинасына қатыса отырып, балалар түрлі ертегілердегі кейіпкерлердің есімдерін ағылшын тілінде біліп, олардың бастан кешкен ғажайып оқиғаларын еске алды. Осылайша оқішыларымыз кітаптар мен олардың авторларының аты-жөндерін білетін болды. Соңында балалар «Қызыл телпек» ертегісі бойынша театрландырылған қуыршақ қойылымын тамашалады.
Бастауышпен қоштасу
Қош бол, Бастауыш! Өмірдің бір белесі – бастауыш сыныпты бітіріп, үлкен өмірге қадам басқан кішкентай оқырмандарымызға ақ жол тілейміз! #Бастауышпен_қоштасу #қош_бол_бастауыш #алғашқы_ұстазым #шқобжк #вкодюб
Біз мектепке барамыз
Алғаш мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндерді білім алуға, озат, үлгілі оқушы болуға шақыратын «Біз мектепке барамыз» атты шара кітапханамызда өз жалғасын табуда… Мереке барысында бүлдіршіндер Күлдіргі мен Бүлдіргі, Екілікпен бірге қызықты ойындар ойнап, түрлі сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, олар жаттап келген тақпақтарын айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Шара соңында болашақ оқырмандар мектепте тәртіпті болуға,…
Ар ұждан адамдық айнасы
Ары таза адамның шыққан биігі әдемі көрінеді. Өйткені, ол не нәрсеге қолы жетсе де, таза жетеді. Негізі, ар, ұят, намыс – адамның иманының деңгейін көрсететін негізгі қасиеттер екендігін кешегі күні өткен «Ар ұждан адамдық айнасы» атты дөңгелек үстелде айтылып, түрлі пікірлер ортаға салынды. “Ұят кімде болса, иман сонда” деген Абайдың бір сөзін «Qainar» қайырымдылық қорының…
Әуезов және Әдебиет
Бүгін өлкетану орталығында Қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым М.Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Әуезов және Әдебиет» атты әдеби зерттеу сабағы өтті. Оқырмандар «Жуан-жіңішке сұрақтар» арқылы жазушы өміріне саяхат жасай отырып, тың мәліметтермен танысты. Ұсынылған бірнеше шығармаларынан өздері таңдаған «Жетім» әңгімесін «Үздіксіз оқу» әдісімен бөліктерге бөліп оқып, мазмұны бойынша жоспар құрды. «INSERT» тәсілі арқылы кейіпкерлеріне…
Балалық шақ – бақ
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балалардың игілігі үшін» республикалық акциясының аясында кітапхана қызметкерлері ҚР Әкелер мектебінің Өскемен қаласындағы бөлімшесінің тәрбиеленушілеріне «Балалық шақ – бақ» атты ойын сағатын өткізді. Ойын барысында қатысушылар өздерінің алғырлығымен, білімділігімен көзге түсіп, берілген тапсырмаларды ұйымшылдықпен атқарды. #Халықаралық_балаларды_қорғау_күні #Балалардың_игілігі_үшін_республикалық_акциясы #ҚР_Әкелер_мектебі #балалық_шақ_бақ #балалар_ойындары #шқобжк #вкодюб
Тимбилдинг – 2022
Әр адам – бір бала. Бүгін кітапханамызда ересектерге арналған тимбилдинг ұйымдастырылып, ойын қатысушылары балалық шағын еске алып, ойындарға қызыға қатысты. #тимбилдинг_2022 #vkolibrary #кiтапхана #шқобжк #вкодюб