Ғасырлар пернесі

«Ғасырлар пернесі» айдары оқырмандарды өткен ғасырлардағы сал-серілер шығармашылығымен таныстыруды жалғастырады. Тағы да осындай форматтағы шара балалардың басын қосып, 19 ғасырда өлкемізде өмір сүрген дарынды ақын, күйші Әсет Найманбайұлының өмірбаянымен таныстырды. Қатысушылар жазушының өлеңдерін оқып, музыкалық шығармаларын тыңдап, өздері орындады, оның ішінде белгілі «Еркесылқым» күйі де орындалды. Алған білімдерін тиянақтау ретінде Әсет Найманбайұлының өмірбаяны мен шығармашылығына…

Read More

Күш бірлікте/Unity is a great power

Қазақстан халықының ынтымақтастығы күніне арналған іс-шарада кішкентай оқырмандарымыз неміс ертегісі «Гензель және Гретель», орыс ертегісі «Маша және аю» және қазақ ертегісі «Алдар Көсе» сияқты түрлі халықтардың ертегілерінің кейіпкерлері арқылы біздің еліміздің аумағында тұратын халықтар туралы біле алды. Әдеттегідей, жаңа ағылшын сөздерімен танысты, Қазақстан халықтарының дәстүрлері туралы білді, сондай-ақ түрлі танымдық конкурстар мен ойындарға қатыса алды.

Read More

Мен – елімнің ертеңі

Өскелең ұрпақтың көп кітап оқып, білімді болуына ықпал ету қаншалықты маңызды болса, олардың салауатты өмір салтын ерте жастан ұстануларына да ықпал ету соншалықты жауапкершілікті талап етеді. Өйткені, бүгінгі дені сау ұрпақ – ертеңгі ел қорғаны, мықты азамат. Біздің оқырмандарымыз 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесі қарсаңында түрлі спорттық ойындардан өзара сайысқа түсті. Жарыс барысында…

Read More

Сұлулық өз қолыңмен

«Сұлулық өз қолыңмен» шеберлік сағатында бет әрлеуші Батекенова Камилла Асланқызы мен Орзабекқызы Гаухар күнделікті макияж жасаудың сырларымен қатар сурет салу өнерінің бар екенін айтып, эпоксидті бұйымдар жасаудың қыр-сырымен бөлісті. Шығармашылық тұлға ретінде Камилла өзінің таланттарын сұлулық индустриясының бірнеше бағыттарында қамтып, ол өзі үшін қызықты бағыттарды қалай іздегені, оның қызметі неден басталғаны туралы әңгімеледі. Жас маман…

Read More

Жарқыл – 2022

Өскелең ұрпаққа азаматтық, патриоттық тәрбие беру – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Осы орайда 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесінің қарсаңында кітапхана қызметкерлері «6699 Ұлттық ұлан» әскери бөлімшесімен бірлесе қала мектептерінің арасында «Жарқыл – 2022» әскери-патриоттық ойыны ұйымдастырылды. Сайысқа қатысушы оқушылардан құралған топтар 7 түрлі кедергіден өту арқылы бақтарын сынады. Жарыста рота командирінің орынбасары,…

Read More

«Ақ Ертіс» жас әдебиетшілер клубының кезекті отырысы

«Ақ Ертіс» жас әдебиетшілер клубының кезекті отырысында қазіргі қазақ және әлем әдебиетінің жай-күйі, жаңа бағыттар мен ағымдар туралы талқыланды. Модернизм, постмодернизм, метамодернизм, магиялық реализм, автофикшн, нон-фикшн жанрлары туралы мол ақпараттар берілді. Және жоғарғы оқу орындарында міндетті түрде оқылатын бірқатар шығармалар талданып, клуб мүшелері өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Алдағы уақытта талқыланатын шығармалар тізімі жасалып, жоспар…

Read More

Bastau. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

«Bastau» қазақ тілін үйренушілерге арналған  үйірменің кезекті сабағы  1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналды.  Оқушыларға достығы жарасқан түрлі ұлт өкілдерінің алтын бесігіне айналған кең байтақ еліміз туралы ақпараттар берілді. Сонымен қатар сөздік қорларын арттыру мақсатында әр ұлтқа қатысты заттардың атауын атап, ұлттық ойындар ойналды. Балалар «достық», «бірлік», «бейбітшілік» сөздері бойынша қысқаша әңгіме құрастырып,…

Read More

Роботты техниканың ғажайыбы

Сәуір айының 29-ші жұлдызында «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубтарының бірлестігінде «Роботты техниканың ғажайыбы» атты тақырыпта шеберлік сағат өтті. Роботты техниканың қажеттілігін көрсету мақсатында өткен шарада оқытушы А. Джакишев қазіргі таңдағы білім беру жүйесіндегі өзгерістерге тоқталып, оқу үрдісіне енгізіліп жатқан LEGO MINDSTORMS, SLS технологиясын және Blender –3D модельдеу компьютерлік графика бағдарламасымен жалпылай тансытырды. Сонымен қатар, оқушыларға лего роботтың…

Read More

Достықтың шаңырағы – Қазақстан

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында кітапхана қызметкерлері Өскемен қаласы білім басқармасының «№49 орта мектебі» КММ-де болып «Достықтың шаңырағы – Қазақстан» атты мерекелік шарасын өткізіп қайтты. Шараға қаламыздағы Достық үйінің әзірбайжан, поляк, еврей ұлттық-мәдени орталықтарындағы ұлт өкілдері шақырылды. Сондай-ақ, «Ақ ниет» әжелер алқасының мүшелері де шараның құрметті қонағы болып, өз өнерлерін көрсетті. Кітапхана…

Read More

Жұлдыздырға саяхат/Travel to the stars

Іс-шара барысында біздің жас оқырмандарымыз ғарыш кеңістігіне қызықты саяхатқа аттанды, планетамыздың Күн жүйесі туралы көп нәрсе білді. Ғарышқа жасайтын саяхатта балаларға гид болып шегіртке  Лунтик көмекке келді және оларға көптеген қызықты фактілерді айтып, аспан нысандарының ғарыштық физикасын, олардың орналасқан жерін анық түсіндіріп көрсетті. Сонымен қатар, біздің кішкентай оқырмандарымыз нағыз марсиандықпен және ғарыш туристерімен кездесті, ал…

Read More