Он сегізінші көктем

С.Аманжолов атындағы ШҚУ журналистика мамандығының студенті, жас ақын Сұлтанғазы Санжар Кәкімұлының кеше ғана баспадан шығып, сиясы кеппеген «Он сегізінші көктем» және «Көрінбей кеткен көк сағым» жыр жинағының тұсаукесері өтті. Сүбелі сөзден жыр өрнектеген жас ақын өзінің туындылары туралы айтып, болашаққа деген арман-ойларымен бөлісті. Тағылымы мол, жыр сүйер қауымды қуантқан іс-шарада Қозықанова Фатима «Көктем келді» өлеңімен…

Read More

Елімнің болашағы өз қолымда

Бүгін кітапханамызда Өскемен қаласы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығының» директоры Айдос Әділбекұлының қатысуымен «Елімнің болашағы өз қолымда» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шәкәрім атындағы №1 орта мектебінің» 8 сынып оқушылары қатысып, өз көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап ала алды.

Read More

Жыр алыбы – Жамбыл

«Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп – лицейі» КММ 9 сынып оқушыларымен өткізілген Жамбыл Жабаевқа арналған ашық сабақ аясында кітапхана қызметкерлері « Жыр алыбы – Жамбыл » атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмесі оқушыларды қазақ әдебиетінде есімі алтын әріппен жазылған ақынның шығармашылығымен таныстырды. Оқушылар артына мол әдеби мұра қалдырған Ж.Жабаевтың шығармалары бірнеше тілге аударылып, бүгінде бүкіл…

Read More

«Мақтаншақ қоян» ертегісі

ТМД халық шығармашылығы және мәдени мұра жылы аясында ұйымдастырылған «Сөз құдыреті. Живое слово» атты облыстық бір мезгілде дауыстап оқу акциясы Өскемен қаласы «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп – лицейі » КММ 1-сынып оқушыларымен өткізілді. Оқу барысында оқушылар өзбек халқының «Мақтаншақ қоян» ертегісін тыңдады. Оқушылар ертегі бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, кейіпкерлер туралы өз ойларын білдірді….

Read More

«Табиғат құбылыстары»

«Bastay» қазақ тілін үйренушілерге арналған үйірменің кезекті сабағы «Табиғат құбылыстары» тақырыбына арналды. Сабақ барысында үй тапсырмасын анықтау мақсатында тестік жұмыс орындалды. Оқушылар сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтырып, практикалық жұмыста сурет арқылы сұрақтарға жауап берді. Балалардың сабаққа қатысу белсенділігі, мәтінмен жұмыстары графикалық фигуралармен бағаланды. Қызықты тапсырмалар үйірме мүшелерінің білімдерін көрсетуге ықпал етті. #кiтапхана #vkolibrary #шқобжқ #вкодюб…

Read More

Бала – бақыт, бала – қуаныш…

Кітапхана қызметкерлері ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша №45 орта бейімдік мектебінің «Айгөлек» шағын орталығына барып, бүлдіршіндерге ерекше көңіл-күй сыйлап қайтты. Мерекелік шарада кішкентай бүлдіршіндер әртүрлі ойындар ойнап, кітапхана қорындағы ғажайыпқа толы ертегі кітаптарымен танысып, өз белсенділіктерімен көзге түсті. #Бала_бақыт_бала_қуаныш #балаларға_базарлық #бала_тілі_бал #балабақша #шқобжк #вкодюб

Read More

«Өмір ғажап»

ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шәкәрім атындағы №1 орта мектебі» КММ-ның 10 сынып оқушыларына «Өмір ғажап» атты тренинг өткізілді. Шара қонағы белгілі психолог, блогер, «Сана» білім орталығының директоры Калима Жайлыбай оқушыларға жағдаяттық тапсырмалар беріп, қоғамда, отбасында жиі орын алатын қиындықтардан қалай шығудың жолы туралы айтып, әр оқушының көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді….

Read More

«Мемлекеттік тіл – менің тілім»

Кітапхана қызметкерлері қаламыздағы «Ұлттық ұлан 6699» әскери бөлімінің сарбаздары арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты интеллектуалдық ойын ұйымдастырды. Аталмыш сөз сайысы 5 кезең бойынша өткізілді. Әр кезеңде сөзге мерген, тілге шешендіктерін байқатқан қатысушылар тапсырма бойынша Құнанбай мен бала Абайдың рөлінде шағын сюжеттік қойылым қойды. Сондай-ақ, қазақтың ұлттық тағамдары туралы да ақпараттар беріліп, шара көрермендері…

Read More

«Жасыл дәптер» әңгімесі

ТМД халық шығармашылығы және мәдени мұра жылы аясында ұйымдастырылған «Сөз құдыреті. Живое слово» атты облыстық бір мезгілде дауыстап оқу акциясына «Библиоша» оқу академиясы да қатысты. Беларусь жазушысы Валерий Кастрючиннің «Желаяқ қоян және оның достары» атты әңгіме –повесть кітабынан «Жасыл дәптер» әңгімесін оқушылар кезекпен оқыды. Оқушылар шығарма бойынша қойылған сұрақтарға мысалдар келтіре отырып жауап берді. Сондай-ақ,…

Read More